TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57412 95
🔶«Жылдың 10 оқырманы» жобасының финалына 200 қатысушы шығады

«Жылдың 10 оқырманы» жобасы ел аумағын қамтитын екі негізгі кезеңнен тұрады. Бірінші кезең - өңірлік. Ол 195 аудан мен 87 қаланы қамтиды. 2026 жылғы қыркүйектен 2027 жылғы сәуірге дейін. Әр өңірден іріктелген 10 үздік оқырман республикалық финалға жолдама алады. Осылайша 20 өңірден 200 қатысушы финалға шығады. ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Айзада Құрманова ОКҚ баспасөз конференциясында осылай деп мәлімдеді.

Екінші кезең - 23 сәуірге дейін өтетін республикалық финал. Онда қатысушылар бетпе-бет сұхбат пен көпшілік алдында сөз сөйлеу арқылы білімін, ойлау тереңдігін және оқығанын талдау қабілетін көрсетеді.

«Республикалық комиссия қорытынды бойынша еліміздің 10 үздік оқырманын анықтайды. Оларға «Жыл оқырманы» атағы беріліп, әрқайсысына 10 млн теңге сыйақы табысталады. Марапаттау рәсімі 23 сәуірде, Ұлттық кітап күніне орай өтетін республикалық Оқырмандар форумы аясында ұйымдастырылады»,-деді ҚР МАМ өкілі.


🔶В финал проекта «10 читателей года» выйдут 200 участников

Проект «10 читателей года» пройдет в два основных этапа и охватит всю страну. Первый, региональный этап, продлится с сентября 2026 года по апрель 2027 года. Он охватит 195 районов и 87 городов. По 10 лучших читателей из 20 регионов получат путевки в республиканский финал – всего 200 человек. Об этом на пресс-конференции в СЦК сообщила председатель Комитета архивов, документации и книжного дела Министерства культуры и информации РК Айзада Курманова.

Второй этап – республиканский финал – пройдет до 23 апреля. Во время очного собеседования и публичного выступления участники продемонстрируют свои знания, глубину мышления и умение анализировать прочитанное.

«По итогам республиканская комиссия определит 10 лучших читателей страны. Им присвоят звание «Читатель года» и вручат премии по 10 млн тенге каждому. Церемония награждения состоится 23 апреля в рамках республиканского Форума читателей, приуроченного к Национальному дню книги», – сказала представитель министерства.


@ortcom_kz #CCS
More from @ortcom_kz
  1. Sep 29, 2026🔶Олжас Бектенов 2027 жылғы егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастауды тапсырды: диқандар…
  2. Sep 29, 2026🔶Қазақстанда «Ұстазым, ардақты ұстазым!» республикалық акциясы басталды Бастама 29 қыркүй…
  3. Sep 29, 2026🔶«Handelsblatt» неміс іскерлік басылымына ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың мақаласы ж…
  4. Sep 29, 2026🔶Қазақстанда астық жинау 83%-ға аяқталды «Бүгінгі таңда 13,5 млн гектар астық немесе жалп…
  5. Sep 29, 2026🔶Қазақстан мен Германия технология алмасу және пилоттық жобаларды дамытуға арналған бірле…
  6. Sep 29, 2026🔶 29 қыркүйек күні сағат 14.30 Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Жерасты суын зер…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →