TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57351 91
Президент Fufeng Group компаниясы директорлар кеңесінің төрағасы Ли Сюэчуньді қабылдады
 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаев Ли Сюэчуньді Жамбыл облысында ауқымды инвестициялық жобаны іске қосуымен құттықтады.
 
🔹Мемлекет басшысының айтуынша, бұл кәсіпорын еліміздің индустриялық дамуы және агроөнеркәсіп биотехнологиясы сияқты жаңа бағытты қалыптастыру тұрғысынан стратегиялық мәнге ие. Бұл ретте шикізатты тұрақты жеткізу және өндірістік парк айналасында аграрлық белдеу құрудың маңызы зор.
 
🔹Ли Сюэчунь компания еліміздің диқандарымен жүгері сатып алу, сондай-ақ білікті маман даярлау бойынша ұзақмерзімді серіктестік орнатуға ниетті екенін айтты.

🔹Осы орайда еліміздің жоғары оқу орындарымен бірлескен білім бағдарламаларын әзірлеу және кәсіпорын базасында отандық ғылыми-зерттеу институттарын тарта отырып, R&D орталығын құру мүмкіндігі талқыланды.

🔹Fufeng Group директорлар кеңесінің төрағасы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласында ірі жобаларды жүзеге асыра алатындай қуатты ресурс пен әлеуетке ие екенін айтты.
More from @ortcom_kz
  1. Sep 27, 2026Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова 🔹В ходе встречи Президент К…
  2. Sep 27, 2026Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады 🔹Кездесуде Президент Қас…
  3. Sep 27, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқи…
  4. Sep 27, 2026✍️ Указом Главы государства за мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении во…
  5. Sep 27, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқи…
  6. Sep 27, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Республикасының Қор…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →