TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57325 75
Мемлекет басшысы: «Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс»

🔹Қасым-Жомарт Тоқаев мұндай жобаларды жүзеге асыру үшін соған сай қаржылық құрылым қажет екенін еске салды.

🔹Президент форум қатысушыларына бірнеше жылдан бері табысты жұмыс істеп келе жатқан «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы баяндады.
 
– АХҚО мен әлемнің жетекші қаржы орталықтарының бірі саналатын Гонконг арасындағы тығыз ықпалдастық мол мүмкіндіктерге жол ашатыны сөзсіз. Қыркүйек айының басында «Самұрық-Қазына» қоры Орталық Азия және ШЫҰ елдері эмитенттерінің арасында бірінші болып Қытайдың банкаралық нарығына кірді. Жалпы сомасы үш миллиард юаньнан (450 миллион доллар) асатын панда-облигациялар шығарды. Жалпы, Қазақстан инвестициялық кезеңді барынша қысқа, ашық әрі технологиялық тұрғыдан озық етіп ұйымдастыруға ниетті. Kazakh Invest ұлттық компаниясы жанынан қазақ-қытай инвестициялық қорын құру туралы келісімге қол қою – осы бағыттағы маңызды қадамның бірі,– деді Мемлекет басшысы.

 
🔹Қасым-Жомарт Тоқаевтың пікірінше, Қазақ-қытай инвестициялық форумы екі елдің іскер топтары арасындағы тікелей байланыстарды күшейтетін тұрақты алаңға айналуға тиіс. 
 
– Сондықтан осы форумды «Қазақстан-Қытай» Алматы инвестициялық диалогы деген атаумен жыл сайын қыркүйек айында өткізуді ұсынамын. Жалпы, бүгін бірқатар нақты келісімдерге қол жеткіздік. Бұл келісімдер Қазақстан мен Қытайдың және тұтас Еуразия құрлығының орнықты дамуына тың серпін береді деп сенемін, – деді Президент.

 
More from @ortcom_kz
  1. Sep 27, 2026Перед министром обороны был поставлен ряд первоочередных задач 🔹Первая – кардинально повы…
  2. Sep 27, 2026Қорғаныс министріне бірқатар кезек күттірмейтін міндет жүктелді 🔹Бірінші міндет – бюджет…
  3. Sep 27, 2026Президент указал на необходимость глубокой трансформации работы оборонного ведомства – На…
  4. Sep 27, 2026Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының жұмысын түбегейлі трансформациялау мәселесіне…
  5. Sep 27, 2026Президент отметил, что в ходе учений военнослужащие не были обеспечены необходимым снаряже…
  6. Sep 27, 2026Президент оқу-жаттығу жиынына қатысқан әскери қызметшілер тиісті жабдықтармен, соның ішінд…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →