TGViewer
ORTCOM.KZ ORTCOM.KZ @ortcom_kz · 3.13K subscribers
Post #57299 80
🔶Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстары жүргізілуде
 
Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының «Топырақты қорғау туралы» Заңына қол қойды. Бұл Заңның аясында топырақ құнарлығын сақтаудың басымдылығы бекітілді, жер пайдаланушылардың жерді ұтымды пайдалану және қорғау жөніндегі міндеттері кеңейтілді. Бүгінде Бірыңғай цифрлық жер ресурстары платформасын құру бойынша жұмыстар жалғасуда. Биыл 7 млн га аумақта топырақ зерттеу, 7,5 млн га аумақта геоботаникалық зерттеу, 4 млн гектар аумақта агрохимиялық зерттеу жұмыстары жүргізілді. Бұл жөнінде ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетінің төрағасы Мұрат Теміржанов ОКҚ баспасөз мәслихатында айтты. Бұдан бөлек, жалпы аумағы 53,5 млн га жердің жай-күйін бағалау бойынша цифрлық материалдар жасалды.

«Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қалпына келтіру шараларын жүргізуді қажет ететін шамамен 2,7 млн га тозған жерлер анықталды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыру бағыты бойынша жұмыстар жүргізілуде. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында Ауыл шаруашылығы министрлігі ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді беру тетігін электрондық конкурстар негізінде цифрлық форматқа көшіру жұмыстарын жүргізуде», - М.Теміржанов.


Мұндағы негізгі мақсат – жер беру процесін барынша ашық ету, жер комиссиясының функциясын алып тастау арқылы адами факторды барынша азайту.
 
🔶Механизм предоставления земель сельхозназначения переводят в цифровой формат на основе электронных конкурсов

Глава государства подписал Закон РК «Об охране почв». Законом закреплен приоритет сохранения плодородия почв и расширены обязанности землепользователей по рациональному использованию и охране земель. Продолжается работа по созданию Единой цифровой платформы земельных ресурсов. В этом году проведены почвенные исследования на площади 7 млн га, геоботанические – на 7,5 млн га, агрохимические – на 4 млн га. Об этом на пресс-конференции в СЦК сообщил председатель Комитета по управлению земельными ресурсами МСХ РК Мурат Темиржанов. Кроме того, подготовлены цифровые материалы по оценке состояния земель общей площадью 53,5 млн га.

«По итогам проведенной работы выявлено около 2,7 млн га деградированных земель, требующих восстановительных мер. Также ведется работа по повышению прозрачности и эффективности процедур предоставления земель сельскохозяйственного назначения. Во исполнение поручения Главы государства министерство сельского хозяйства переводит механизм предоставления сельхозземель в цифровой формат на основе электронных конкурсов», – сказал Мурат Темиржанов.


Основная цель – сделать процесс предоставления земель максимально прозрачным и свести к минимуму влияние человеческого фактора за счет исключения функций Земельной комиссии.

@ortcom_kz #CCS
More from @ortcom_kz
  1. Sep 24, 2026photo post
  2. Sep 24, 2026Channel photo updated
  3. Sep 24, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Маңғыстау облысында қызметтік міндеттерін атқару кезінде ә…
  4. Sep 24, 2026✍️ Мемлекет басшысының өкімімен Алмас Серікұлы Исаков Қазақстан Республикасы Президенті Іс…
  5. Sep 24, 2026Глава государства выразил соболезнования в связи с гибелью военнослужащих в Мангистауской…
  6. Sep 24, 2026Мемлекет басшысы Маңғыстау облысында әскери қызметшілердің қаза табуына байланысты көңіл а…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →