Post #1568
166

«Орда» редакциясының мәлімдемесі
Құрметті оқырмандар!
Orda.kz редакциясы 2026 жылғы 1 қыркүйектен бастап өз жұмысын толық тоқтатуға мәжбүр екенін өкінішпен хабарлайды.
Редакция жұмысының тоқтатылуы негізгі ақпараттық ресурсты ғана емес, редакцияға тиесілі барлық әлеуметтік желідегі аккаунттарды, соның ішінде YouTube арнасын да қамтиды.
Жұмысты тоқтату туралы шешімді «Ordamedia.kz» ЖШС-нің құрылтайшысы әрі алғашқы басшысы Мақсат Ғаниев қабылдады.
Бұл шешімнің астарында қандай да бір басқа себеп жоқ: редакцияның өз қызметінен тапқан табысы оның жұмысын қамтамасыз етуге жеткіліксіз. Қазіргі жағдайға әкелген өзге себептер жоқ. Редакция өз міндеттемелерін толық көлемде орындау үшін бар күшін салады.
Қазақстандық және шетелдік БАҚ әріптестерімізден тек редакцияның ресми мәлімдемелеріне сүйенуді сұраймыз.
Құрметпен,
Orda.kz бас редакторы
Ардақ Құлтай
P. S. Редакция бүгін, 2026 жылғы 31 тамыздың соңына дейін материалдар жариялауды жалғастырады. 1 қыркүйектен бастап жарияланымдар шықпайды.
Бізбен бірге болғандарыңыз үшін рақмет.

- 😢 5
- ❤ 3