Ескерту! Түйе зәрін ішу – адам ағзасына қауіпті. Түйе зәрі құрамында жоғары концентрацияда мочевина, аммиак, креатинин және түрлі бактериялар мен паразиттер болады. Бұлар адам бүйрегіне ауыр салмақ түсіреді, асқазан мен ішекті улайды, жұқпалы аурулар таратады (мысалы, бруцеллёз, туберкулёз, MERS-CoV және т.б.). Түйе зәрінің адам ағзасына берген улы әсерінен құсу, бас айналу, дене құрысуы орын алады.
Дүниежүзілік Денсаулық Ұйымы түйелерден таралатын аурулардан сақтануды ескертеді және түйе зәрін емдік мақсатта қолданудың ешқандай ғылыми негізі жоқ екенін айтады.
Осындай дін бізге керек пе? Ойланатын кез келді.
Post #32
2.33K
