TGViewer
ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 @modgovkz · 13.4K subscribers
Post #34953 1.37K

Forwarded from Aqorda 🇰🇿

Мемлекет басшысы Қорғаныс министрі Айдос Мырзахметовті қабылдады
 
🔹Кездесуде Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елдің қорғаныс қабілетін нығайту, Қарулы Күштердің жауынгерлік дайындығын күшейту және әскери басқару жүйесін жетілдіру бойынша нақты тапсырмалар берді.

🔹Мемлекет басшысы әскери қызмет қауіпсіздігіне баса назар аударды. Президент әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау барлық деңгейдегі қолбасшылық үшін негізгі басымдық болуы керек екенін атап өтті.

🔹Президент кәсіби даярлықтың сапасын арттыру, әскери инфрақұрылымды дамыту, қару-жарақ пен техниканы жаңғырту, заманауи технологиялар мен цифрлық шешімдерді енгізу жөнінде міндеттер жүктеді.

🔹Сондай-ақ Мемлекет басшысы сарбаздардың бойында жауапкершілік, тәртіп, Отанға адалдық қасиетін қалыптастыруға баса мән бере отырып, әскердегі тәрбие жұмысын күшейту қажеттігіне назар аударды.

🔹Бұдан бөлек, әскери қызметшілер мен олардың отбасын әлеуметтік тұрғыдан қолдау мәселелеріне айрықша мән берілді.

t.me/aqorda_resmi
  • 👍 22
  • ❤ 3
  • ❤‍🔥 2
More from @modgovkz
  1. Sep 27, 2026Глава государства поручил подготовить План военной реформы 🔹Президент – Верховный Главнок…
  2. Sep 27, 2026Мемлекет басшысы Әскери реформа жоспарын әзірлеуді тапсырды 🔹Президент – Қазақстан Респуб…
  3. Sep 27, 2026Глава государства принял министра обороны Айдоса Мырзахметова 🔹В ходе встречи Президент К…
  4. Sep 27, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен генерал-майор Айдос Сәкенұлы Мырзахметов Қазақстан Респу…
  5. Sep 27, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен әскери борышын атқару үстінде көрсеткен ерлігі мен жанқи…
  6. Sep 27, 2026✍️ Указом Главы государства за мужество и самоотверженность, проявленные при исполнении во…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →