TGViewer
ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 ҚР Қорғаныс министрлігі / Минобороны РК / Ministry of Defense of the RK 🇰🇿 @modgovkz · 13.3K subscribers
Post #34924 2.92K

Forwarded from Маңғыстау облысының әкімдігі/Акимат Мангистауской области

Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді үздіксіз іздестіруді тапсырды

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Қанат Бозымбаев бастаған Үкіметтік комиссия Маңғыстау облысындағы төтенше жағдай болған жерде жұмысын жалғастыруда.

Оқиға орнында жұмылдырылған мемлекеттік органдардың іс-қимылы және іздестіру-құтқару жұмыстары үйлестірілуде. Қазіргі таңда негізгі міндет – орналасқан жері анықталмаған екі әскери қызметшіні іздестіру.

Нақтыланған мәліметке сәйкес, оқу-жаттығу-жауынгерлік тапсырманы орындау кезінде ауа райының күрт нашарлап, желдің күшеюіне байланысты 17 адам суға кеткен. Оның 12-сі қаза тауып, үш әскери қызметші құтқарылды. Қалған екі әскери қызметшіні іздестіру жұмыстары жалғасуда.

Қанат Бозымбаев әлі табылмаған әскери қызметшілерді қажетті барлық күштер мен құралдарды тарта отырып, тәулік бойы үздіксіз іздестіруді қамтамасыз етуді тапсырды. Сондай-ақ қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті материалдық және өзге де көмек көрсету тапсырылды.

Уәкілетті органдар оқиғаның барлық мән-жайын анықтау бойынша жұмыс жүргізуде.

Комиссияның жұмысы мен оқиға орнындағы іздестіру-құтқару іс-шаралары жалғасуда.
  • 🙏 31
More from @modgovkz
  1. Sep 25, 2026Қорғаныс министрі авиация генерал-лейтенанты Дәурен Қосанов қаза тапқан сарбаздардың туған…
  2. Sep 25, 2026Каспий теңізінде жоғалған екі әскери қызметшінің денесі табылды: іздестіру операциясы аяқт…
  3. Sep 25, 2026Сотни спасателей, авиация и водолазы: на Каспии продолжается поисковая операция По поручен…
  4. Sep 25, 2026Жүздеген құтқарушы, авиация және сүңгуірлер: Каспийде іздестіру операциясы жалғасуда Қазақ…
  5. Sep 24, 2026Личный состав Министерства обороны и Вооруженных сил Республики Казахстан выражают глубоки…
  6. Sep 24, 2026Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі және Қарулы күштердің жеке құрамы Маңғыстау…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →