TGViewer
Channel Public Channel
НАМАЗ - ДІННІҢ ДІНГЕГІ

НАМАЗ - ДІННІҢ ДІНГЕГІ

@menin_namazum

Мұсылман куәлігінен кейінгі Исламның ең ұлы тірегі намаз туралы Құран мен Сүннетке негізделген арна
Subscribers
202
Photos
12
Videos
42
Links
21
Recent Posts 20 shown
Post #537 240
❓«Әл-Фәләқ» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары

1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген?
- Меккелік;
- Мәдиналық.
 
2) «Әл-Фәләқ» сүресін қай уақытта оқу абзал?
- Ұйқыдан бұрын;
- Парыз намаздарынан кейін;
- Барлық жауаптар дұрыс.
 
3) Келесі сөздердің мағынасын түсіндір:
«Қорғауына жүгінемін»
«Фәләқа» (қақ айырып жару)
«Түйіншіктерге дем салушылар»
 
4) Бұл сүре өзіне не нәрсені қамтыған?
- Мұсылмандар жалпы зұлымдықтан және оның кейбір көріністерінен де Аллаһтан пана және құтқару сұрауы керек;
- Сиқыр шынымен де бар;
- Екі жауап та дұрыс.
 
❓«Ән-Нәс» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары

1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген?
- Меккелік;
- Мәдиналық.
 
2) «Ән-Нәс» сүресін қай уақытта оқу абзал?
- Ұйқыдан бұрын;
- Парыз намаздарынан кейін;
- Барлық жауаптар дұрыс.
 
3) «Ән-Нәс» сүресіндегі «Сыбырлап азғырушының кесірінен...» деген сөздер нені білдіреді?
Post #534 172
Audio
19-сабақ

"Әл-Фәләқ" және "ән-Нәс" сүрелерінің тәпсірі


Әл-хамду ли-Лләһ,
Аллаһтың мейірімен бұл дәрістер топтамасы аяқталды.
Post #533 180

Forwarded from КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

❓«Әл-Ихләс» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары

1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген?
- Меккелік;
- Мәдиналық.
 
2) «Әл-Ихләс» сүресі неліктен осылай аталған?
- Өйткені ол толықтай Аллаһ Тағаланы сипаттауға арналған;
- Оны оқитын адамдар көпқұдайшылықтан тазарады;
- Екі жауап та дұрыс.
 
3) Бұл сүрені оқыған мұсылманның сауабы Құранның қай бөлігін оқығанның сауабына тең?
- Құранның жартысын;
- Төрттен бір бөлігін;
- Үштен бір бөлігін.
 
4) Қай намазда екінші ракағатта «әл-Фәтихә» сүресінен кейін «әл-Ихлас» сүресін оқыған жөн?
- Таң намазынан бұрын оқылатын сүннет намазында;
- Мағриб намазынан кейінгі сүннет намазында;
- Қағбаны тауаф еткеннен кейін оқылатын намазда;
- Үтір намазында;
- Ұйқыдан бұрын;
- Парыз намаздарынан кейін;
- Барлық жауаптар дұрыс.
 
5) «Әл-Кәфирун» және «әл-Ихләс» сүрелері күндіз және түнде оқылады, өйткені олар бірқұдайшылықтың барлық үш түрін қамтиды.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
 
6) «Әл-Ихләс» сүресінде не қамтылған?
- Құлшылықтағы бірқұдайшылық;
- Раббылықтағы, сондай-ақ есімдер мен сипаттардағы бірқұдайшылық.
 
7) Аллаһ Тағаланың: «Айт», - деген сөзі қандай мағынаны білдіреді?
- Тіліңмен айт;
- Тіліңмен айт, жүрегіңмен айқын сен және соған сәйкес амал жаса.
 
8) Аллаһ Тағаланың «Ол Аллаһ – Жалғыз» деген сөздерінде Аллаһты Оның раббылығында, құлшылыққа лайықты құдайлығында, сондай-ақ есімдері мен сипаттарда жалғыз ету бар.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
 
9) Аллаһ Тағаланың «Ол – әс-Сомәд (Өз-өзіне жеткілікті)» деген сипаты келесідей мағынаны білдіреді:
- Ол – қажеттілік кезінде Оған жүгінетін және жалбарынатын объект;
- Ол Өздігінше өмір сүреді, ал қалған нәрселердің өмір сүруі Оған байланысты;
- Ол – құдайлығы, есімдер мен сипаттары сияқты раббылығы кемел әрі толық болған Раббы;
- Барлық жауаптар дұрыс.
 
10) Аллаһ Тағалаға бала немесе ата-ана телу күпірлік болып табылады.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
Post #531 130
Audio
18-сабақ

"Әл-Ихлас" сүресінің тәпсірі
Post #530 159

Forwarded from КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

❓«Әл-Мәсәд» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары


1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген:
- Меккелік;
- Мәдиналық;
 
2) Абу Ләһәб –
- Пайғамбарымыздың (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) көкесі;
- Оның Пайғамбармен (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) туыстық байланысы жоқ.
 
3) Кімнің абыройы Қиямет күніне дейін төгілген?
- Абу Ләһәбтың;
- Пайғамбарымызбен (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) дұшпандық жасаған кез-келген адамның.
 
4) Бұл сүреде Аллаһ Тағала Абу Ләһәб пен оның әйелі ешқашан Исламды қабылдамайтынына нұсқады.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
Post #528 130
Audio
17-сабақ

"Әл-Мәсәд" сүресінің тәпсірі
Post #527 145

Forwarded from КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

❓«Ән-Наср» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары


1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген?
- Меккелік;
- Мәдиналық.

2) Бұл сүреде сүйінші хабар, жаңалық, әмір және назар аудару бар.
- Дұрыс;
- Бұрыс.

3) Аллаһ Тағаланың бұл дін мен үмметке деген мейірімі соншалық, біз оны елестете де алмаймыз.
- Дұрыс;
- Бұрыс.

4) Бұл сүреде Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың игіліг мен сәлемі болсын) жақын арада қайтыс болатыны туралы хабар бар.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
Post #525 129
Audio
16-сабақ

"Ән-Наср" сүресінің тәпсірі
Post #524 152

Forwarded from КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

❓«Әл-Кәфирун» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары


1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген?
- Меккелік;
- Мәдиналық.

2) «Әл-Кәфирун» сүресін қай намаздың бірінші ракағатында «әл-Фәтихә» сүресінен кейін оқу жөн?
- Таң намазының сүннеттінде;
- Мағриб намазынан кейінгі сүннет намазында;
- Қағбаны тауаф етуден кейінгі намазда;
- Үтір намазында;
- Барлық жауаптар дұрыс.

3) Орындау барысында көпқұдайшылықтың көріністері бар ғибадат:
- Толық емес ғибадат;
- Ғибадат деп аталмайды.

4) Аллаһ Тағаланың «айт» деген сөзі:
- Аллаһтың Елшісіне (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын);
- Оған және бұл сөздер бағытталуы мүмкін барлық адамға бағытталған.

5) Кәпірлер деген –
- Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) шақыруы жеткен, алайда олар оған иман келтірмегендер;
- Пайғамбарға (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) иман келтірмеген Мекке тұрғындары.

6) Бұл сүреде жүректе, тілде және дене мүшелерінде көрінетін көпқұдайшылық пен көпқұдайшылдарға қатыссыз болуға үндеу бар.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
Post #522 884
Audio
15-сабақ

"Әл-Кәфирун" сүресінің тәпсірі
Post #521 127

Forwarded from КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

❓«Әл-Кәусәр» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары


1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген?
- Меккелік;
- Мәдиналық.
 
2) Әл-Кәусәр деген:
- Өзен;
- Мол жақсылық.
 
3) Аллаһ Тағала намаз бен құрбан  шалуды ерекше атап өтті, өйткені олар бізді Аллаһқа жақындататын ең көркем және ең маңызды екі ғибадат рәсімі.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
 
4) Аллаһ Тағаланың «Расында, дұшпаныңның өзі ұрпақсыз қалады» деген сөздері пайғамбарды жақсы көрген адам туралы жақсы жады сақталатынына нұсқайды.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
 
5) Бұл сүреде Аллаһ Елшісінің (оған Аллаһтың салауаты мен сәлемі болсын) жақтастары мен көмекшілерінің көптігіне нұсқау бар.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
Post #519 934
Audio
14-сабақ

"Әл-Кәусар" сүресінің тәпсірі
Post #518 114

Forwarded from КЕЛ, БАЛАЛАР, ОҚЫЛЫҚ...

❓«Әл-Мәғун» сүресінің тәпсіріне қатысты тексеріс сұрақтары


1) Бұл сүре қай кезеңде түсірілген?
- Меккеде;
- Мәдинада.
 
2) Аллаһ Тағаланың: «Сондай "динді" өтіріксінгенді көрдің бе?» деген сөздеріндегі «дин» сөзі қайта тірілу деген мағынаны білдіреді.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
 
3) Жетім («ятим») деген –
- Әкесінен айырылған адам;
- Анасынан айырылған адам.
 
4) Әлдебіреу жетім деп қай уақытқа дейін аталады?
- Ол жыныстық балиғат жасына жеткенге дейін;
- Ол жыныстық балиғат жасына жетсе де.
 
5) Намазға немқұрайлы қарау – бұл сөгіске лайық нәрсе, ал намаз кезіндегі қателіктерге келетін болсақ, әр адам мұндай қателіктерді жіберуі мүмкін.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
 
6) Жасанды салиқалылық таныту:
- Рұқсат етілген;
- Кіші ширк;
- Сөгіске лайық;
- Үлкен ширк;
- Тыйым салынған амал.
 
7) Бұл сүреде ізгі-салиқалы амалдарды жасауға ынталандыру бар.
- Дұрыс;
- Бұрыс.
Older posts →

About this channel

How can I read @menin_namazum without a Telegram account?
TGViewer shows the public web preview Telegram publishes for НАМАЗ - ДІННІҢ ДІНГЕГІ: recent posts, photos, videos and the subscriber count, with no app, login or account.
How many subscribers does НАМАЗ - ДІННІҢ ДІНГЕГІ have?
НАМАЗ - ДІННІҢ ДІНГЕГІ (@menin_namazum) has 202 subscribers on Telegram, refreshed roughly every 30 minutes.
Does НАМАЗ - ДІННІҢ ДІНГЕГІ know I viewed it here?
No. Public channel previews carry no viewer identity, and TGViewer has no accounts or tracking of what you look up.
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →