Қайрат Нұртастың Астанадағы концертінен кейін көрермендер трибуналарды жинауға көмектесті
Астанада белгілі әнші Қайрат Нұртастың концерті өтті. Концерт аяқталған соң көрермендер бірден үйлеріне тарамай, трибуналарда қалған қоқысты жинауға көмектесті.
Елорда әкімдігінің мәліметінше, акцияға қатысушылар шарадан кейін аумақты қоқыстан тазартып, айналаны ретке келтірді.
Көрермендер осылайша көпшілік жиналатын мәдени шаралардан кейін тазалық сақтауға әр адамның үлес қоса алатынын көрсетті.
💬 t.me/masamedia
Post #11138
411

- ❤ 10
- 🥰 1
- 🥴 1