TGViewer
masa.media masa.media @masamedia · 5.17K subscribers
Post #11099 436
Таиланд қазақстандықтар үшін визасыз болу мерзімін қысқартты

Таиланд үкіметі бірқатар елдің, соның ішінде Қазақстан азаматтарының елде визасыз болу мерзімін 60 күннен 30 күнге дейін қысқартты. Жаңа тәртіп 2026 жылғы 15 қыркүйектен бастап күшіне енеді.

⚡️ Жаңа талаптар

Енді екі ел арасындағы үкіметаралық келісімнің талаптары қолданылады. Оған сәйкес, Қазақстан азаматтары Таиландта визасыз 30 күнтізбелік күнге дейін бола алады. Сонымен қатар 180 күн ішінде елде өткізілген күндердің жалпы саны 90 күннен аспауы керек. Яғни Таиландқа бірнеше рет барған жағдайда, алты ай ішінде елде болған барлық күннің жиынтығы 90 күннен аспауға тиіс.

⚡️ Сапар 30 күннен ұзақ болса, не істеу керек?

Таиланд билігі бұл шешімді елде заңсыз жұмыс істеуге жол бермеу және виза мерзімін ұзарту үшін шекара асып, қайта кіріп-шығу сияқты әрекеттердің алдын алу мақсатында қабылдаған.

Таиландқа сапар жоспарлап отырған қазақстандықтарға жаңа талаптарды алдын ала ескерген жөн. Егер елде 30 күннен ұзақ болу жоспарланса, тиісті туристік немесе ұзақмерзімді визаны Таиландтың ресми дипломатиялық өкілдіктері арқылы алдын ала рәсімдеу қажет.

💬 t.me/masamedia
More from @masamedia
  1. Sep 21, 2026Что посмотреть на Apple TV в сентябре 2026 года? Apple TV недавно стал доступен в Казахста…
  2. Sep 21, 2026Граффити под запрет: в Казахстане готовят новые правила Только в субботу Касым-Жомарт Тока…
  3. Sep 21, 2026Converse извинился за рекламу после обвинений в расизме Компания Converse извинилась за ре…
  4. Sep 21, 2026Экспонаты из Лувра хотят привезти в Казахстан Казахстан и Франция обсуждают возможность пр…
  5. Sep 18, 2026Emporio Armani сән үйін алғаш рет даңқты әулетке қатысы жоқ дизайнер басқарады Vogue басыл…
  6. Sep 17, 2026🔥 Казахстанки пробились в финал Азиатских игр по современному пятиборью На Азиатских игра…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →