TGViewer
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз @kmgpress · 9.13K subscribers
Post #12074 1.16K
Атырау мұнай өңдеу зауыты резервуарларды понтонмен жабдықтау жұмыстарын жалғастыруда

🏢Кәсіпорынның экологиялық бағдарламасының негізгі бағыттарының бірі – мұнай және мұнай өнімдеріне арналған резервуарларды арнайы қалқымалы қақпақ — понтонмен жабдықтауды жалғастырып келеді.

▪️Понтон резервуарлардың ішіне орнатылады. Қалқымалы құрылымдар көмірсутектердің булануын азайтып, атмосфераға бөлінетін шығарындыларды төмендетуге, сондай-ақ технологиялық шығындарды қысқартып, өнім сапасын сақтауға мүмкіндік береді.

Зауытта понтонмен жабдықталуы тиіс 75 резервуар бар. 2018 жылы 51 резервуарға, 2022–2023 жылдары тағы 7 резервуарға, ал 2025 жылы 2 резервуарға понтон орнатылды.

▪️2026 жылы бұл жұмыс 6 резервуарда жүргізілді, жыл соңына дейін тағы 5 понтон орнату жоспарлануда. Қалған 4 резервуар экологиялық бағдарламаның келесі кезеңінде понтонмен жабдықталады.

✔️Аталмыш шаралар әр резервуардан бөлінетін көмірсутек шығарындыларын 90% азайтуға мүмкіндік береді.

📱 ҚазМұнайГаз
  • 🔥 4
  • ❤ 2
  • 👍 2
More from @kmgpress
  1. Sep 19, 2026▶️«Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев жобадағы ең ірі бағананы орнату жұмыстары ту…
  2. Sep 19, 2026На будущем заводе по производству полиэтилена установили крупнейшую колонну проекта 🗣19 с…
  3. Sep 19, 2026Болашақ полиэтилен зауытында жобадағы ең ірі бағананы орнату аяқталды 🗣2026 жылдың 19 қыр…
  4. Sep 19, 2026Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз саябағы» 📱 ҚазМұнайГаз
  5. Sep 19, 2026Вклад в экологию: с начала года работники группы компаний КМГ высадили 230 тысяч деревьев…
  6. Sep 19, 2026📱 ҚазМұнайГаз
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →