TGViewer
ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз ҚазМұнайГаз / КазМунайГаз @kmgpress · 9.13K subscribers
Post #12073 1.63K
⚡️Еңбек адамы

👷‍♀️Алтын Иманқұлова — «Ембімұнайгаз» АҚ-ға қарасты басқарманың электр қозғалтқыштарын жөндеу учаскесінде 5-дәрежелі сым ораушы болып жұмыс істейді.

⚡️Еңбек жолын шәкірт болып бастаған Алтын Елемесқызы бүгінде өз ісінің қыр-сырын меңгерген білікті маман. Ол 30 жылдан астам уақыт бойы электр қозғалтқыштарына сым орау кәсібін абыроймен атқарып келеді.

▪️Оның қолынан өткен мыңдаған метр жіңішке сымдар қуаты мен құрылымы әртүрлі электр қозғалтқыштарына жан бітіреді. Сым орау көзге қарапайым көрінгенімен – ерекше дәлдік пен төзімділікті, асқан кәсібилікті талап ететін жауапты іс. Өндірістегі сораптар мен тербелмелі қондырғылардың үздіксіз әрі сенімді жұмыс істеуі дәл осы сым ораушының жұмыс сапасына тікелей байланысты.

— Отыз жылдан асты бір кәсіппен айналысам. Осы кезеңде бір нәрсеге көзім жетті: өз ісіңді шын көңілмен атқарсаң, жылдар өте келе мамандығың өміріңнің маңызды бір бөлігіне айналады. Біз ораған әр сымның ар жағында үлкен өндірістің қалыпты жұмысы тұр. Бұл мен үшін күн сайынғы жауапкершілік, — дейді ол.


Біз әрбір қызметкердің адал еңбегін қадірлейміз, олардың маңдай терін мақтан етеміз.

📱 ҚазМұнайГаз
  • 🔥 3
  • 👍 2
  • ❤ 1
More from @kmgpress
  1. Sep 19, 2026▶️«Силлено» ЖШС бас директоры Мұхтар Авутбаев жобадағы ең ірі бағананы орнату жұмыстары ту…
  2. Sep 19, 2026На будущем заводе по производству полиэтилена установили крупнейшую колонну проекта 🗣19 с…
  3. Sep 19, 2026Болашақ полиэтилен зауытында жобадағы ең ірі бағананы орнату аяқталды 🗣2026 жылдың 19 қыр…
  4. Sep 19, 2026Астана қаласындағы «ҚазМұнайГаз саябағы» 📱 ҚазМұнайГаз
  5. Sep 19, 2026Вклад в экологию: с начала года работники группы компаний КМГ высадили 230 тысяч деревьев…
  6. Sep 19, 2026📱 ҚазМұнайГаз
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →