KASE-нің кешкі шолуы 🌙
ҚОР НАРЫҒЫ
Сейсенбі күні KASE индексінің мәні 0,03%-ға төмендеп, 7 816,57 тармақты құрады. Өкілдік тізімдегі акциялар арасында ең көп мәмілелер «Қазақстан Халық Банкі» АҚ акцияларымен жасалды – 2 798. Мәмілелердің ең үлкен көлемі «Ұлттық атом компаниясы «Қазатомөнеркәсіп» АҚ акцияларына тиесілі болды – 281,9 млн KZT. Алты эмитенттің акциялары өсім көрсетті: Kaspi.kz АҚ (+1,31%), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ (+0,27%), «Банк ЦентрКредит» АҚ (+0,19%), «Қазақтелеком» АҚ (+0,15%), «Кселл» АҚ (+0,03%) және «Ұлттық компания «ҚазМұнайГаз» АҚ (+0,03%).
АҚША НАРЫҒЫ
Мемлекеттік бағалы қағаздармен (МБҚ) бір күндік мерзімге (TONIA) репо операцияларының кірістілігі 7 б.п.-қа өсіп, сауда-саттық күнінің қорытындысы бойынша жылдық 16,02% құрады. АҚШ доллары кепілімен бір күндік мерзімге KZT-ні қарызға алу мөлшерлемесі (SWAP-1D (USD)) 39 б.п.-қа төмендеп, жылдық 11,09% құрады. Ақша нарығының бір күндік құралдарымен сауда-саттықтың жиынтық көлемі 590,573 млрд KZT-ні құрады.
ВАЛЮТА НАРЫҒЫ
Сағат 17:00-дегі жағдай бойынша сейсенбі күнгі сауда-саттық қорытындысы бойынша «ертең» есеп айырысу мерзімімен АҚШ долларының KZT-ге шаққандағы орташа өлшенген бағамы 448,48 KZT-ні құрады. Ұлттық валюта 2,65 KZT-ге нығайды. Сауда-саттық көлемі 290,551 млн АҚШ долларын құрады. Барлығы 1 079 мәміле жасалды. Минималды баға – АҚШ доллары үшін 447,71 KZT, максималды – 450,29 KZT, соңғы мәміленің бағасы – 449,30 KZT.
Лондон ICE Futures биржасында Brent мұнайына желтоқсан фьючерстерінің құны сейсенбі күні Алматы уақытымен сағат 18:00-ге дейін 1,37%-ға төмендеп, барреліне 105,28 АҚШ долларын құрады.
Post #8215
214