«Қаражанбасмұнай» АҚ қызметкерлері теңіз жағалауының тазалығын сақтауға бағытталған «Таза жағажай» экологиялық акциясына қатысты. ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің тапсырмасы аясында Маңғыстау облысы бойынша экология департаментінің ұйымдастыруымен өткен шараға компанияның орталық кеңсесінің қызметкерлері белсенді атсалысты.
Экологиялық акция барысында орталық кеңсенің 31 қызметкері Ақтау қаласының 15 шағын ауданындағы теңіз жағалауында тазалық жұмысын жүргізді. Нәтижесінде 17 қап тұрмыстық қатты қалдық жиналып, сұрыпталып, белгіленген тәртіпке сәйкес арнайы қалдықтар полигонына жөнелтілді.
Теңіз жағалауы – Маңғыстаудың табиғи келбетін айқындайтын маңызды аумақтардың бірі. Сондықтан оның тазалығын сақтау тек экологиялық шаралармен шектелмей, күнделікті жауапкершілік пен ұқыпты қарым-қатынасты талап етеді.
Post #9554
273
