Құрметті JAS AI Hackathon қатысушылары!
Хакатонның дайындық сессиясы 7 сәуірде сағат 12:00-де өтеді.
Сессияда тапсырмалар (кейстер) жарияланады, олардың біреуін 48 сағаттық марафонда жұмыс істеу үшін таңдау қажет болады.
Сессияда сіз өзіңізді қызықтыратын сұрақтар қойып конкурсқа қатысты келесі ақпаратты біле аласыз:
✅ Қатысу форматы;
✅ Жобаларды бағалау;
✅ Бағдарлама;
✅ Регламент.
Дайындық сессиясы гибридті (онлайн, офлайн) форматта, сонымен қатар, Астана және Алматы қалаларындағы офлайн-алаңдарда өтеді.
Онлайн трансляцияға сілтеме хакатонның телеграм арнасында жарияланады, сонымен қатар қатысушыларға поштаға жіберіледі 📩
Офлайн қатысуға арналған алаңдардың мекенжайлары:
📌 JAS Ventures Limited кеңсесі: Астана қ., Мәңгілік Ел даңғылы 55/13, С2-3 блок, 1 қабат, 1-13 кабинет
📌 Коворкинг JAS Acceleration System: Алматы қ., Сейфуллин даңғылы 609, 3 қабат, D аудиториясы
❗️ Егер сіз JAS AI Hackathon - ға әлі тіркелмеген болсаңыз, сілтеме бойынша өтіңіз: https://forms.gle/DgnYhtBEbVVhQai66
Қосымша ақпарат алу үшін сілтеме арқылы хакатонның веб-сайтына кіріңіз: https://jas.vc/index.php/ru/hackathon
Сондай-ақ, Хакатон туралы барлық жаңалықтар біздің Instagram-да қолжетімді: jas.ventures
⏰ Хакатонға тіркелу мерзімі: 5 сәуір, 23:59.
Post #26
238
- ❤ 1