TGViewer
ИТ-жолы | Путь в ИТ ИТ-жолы | Путь в ИТ @itzholy · 5.34K subscribers
Post #693 2.18K
Сәлем! Бұл tekmates-тегі Зарина ☘️
Бүгін сынға қалай дұрыс жауап беріп, оны өсуіңе қалай пайдалануға болады деген маңызды тақырып жайлы сөйлесеміз.

🎯 Жағдай:
Сен тапсырмаларыңды істеп, бар күшіңді саласың, бірақ жетекшіңнен немесе әріптестеріңнен сын естисің. Бұл кодыңа, құжаттамаңа не тапсырмаларды орындау тәсіліңе қатысты болуы мүмкін. Жабылып қалмай, осы жағдайдан барынша пайда алған маңызды.

❌ Қалай ІСТЕМЕУІҢ керек:
👩🏻‍💻: «Сен осы код блогында қате жібердің. Қайта жасауың керек».
🧑🏻‍💻: «Бірақ бәрін дұрыс жасағандай болдым ғой! Неге әрқашан кінәлімін?»
👩🏻‍💻: «Мұқият болуың қажет».
🧑🏻‍💻: «Маған неге сонша шағым түсетінін түсінбеймін. Бәрі істеп тұр ғой!»

🔴 Неге былай істеген қате:
Сен ренжіп, талқылағың келмейтіндей көрінесің.
Мәселені шешетін сындарлы тәсілің жоқ.
Әріптестерің не жетекшің сені дамығысы келмейді деп ойлауы мүмкін.

✅ Қалай ІСТЕУІҢ керек:
👩🏻‍💻: «Сен осы код блогында қате жібердің. Қайта жасауың керек».
🧑🏻‍💻: «Назар аударғаныңа рақмет! Мәселесі қандай екенін нақты айта аласың ба?»
👩🏻‍💻: «Мұнда төтенше жағдайлар дұрыс ескерілмеген. Кіріс болжалдарға сәйкес келмесе, код қате жібереді».
🧑🏻‍💻: «Түсіндім. Түсіндіргеніңе рақмет! Мұны қалай жақсы жасауға болатынын көрсететін мысал не кеңес ұсына аласың ба?»
👩🏻‍💻: «Соңғы жобаны қарап көр. Ол жақта жақсы көрсетілген. Түсіне алмасаң, маған кел. Талқылайық».
🧑🏻‍💻: «Жарайды. Сөйтемін. Көмектескеніңе рақмет!»

🔵 Неге солай жасаған дұрыс:
Сынды шабуыл емес, мүмкіндік ретінде қабылдайтыныңды көрсетесің.
Қатені түзеп, болашақта оның алдын алу үшін егжей-тегжейлерді нақтылайсың.
Кәсіби шеберлігің мен дамуға дайын екеніңді меңзейсің.

🔥 Әрі қарай не істеуің керек?
1️⃣ Тапсырмаңды түзеп, нәтижесін нақтыла: «Мен өзгерттім. Дұрыс жасағанымды тексеріп көресің бе?»
2️⃣ Қорытынды жаса: пайдалы кеңестерді жазып алып, оларды жеке жазбаларыңа қосып қой.
3️⃣ Сабақтарды іс жүзінде қолдан: келесі тапсырманы орындау кезінде сынды ескеруге тырыс.
Сын — «кінәлісің/кінәлі емессің» деген нәрсе емес. Ол сенің қалай күшейе алатыныңа қол ұшын береді. Кері байланысқа ашық болу дамуға дайын екеніңді көрсетеді.

Кейс ұнаса, 🔥 қоя кет! Комментте өз оқиғаңды жаз немесе осындай келіссөзді қалай жүргізу керегі жайлы сұрақ қой.

Жаз да, бірге талқылайық!

Пост на русском в комментариях.

Жаңа мүмкіндіктер ❇️ @itzholy
  • 🔥 5
  • 👍 4
More from @itzholy
  1. Aug 21, 2026Хочешь учиться в первом AI-университете Центральной Евразии и стать частью экосистемы Asta…
  2. Jul 1, 2026Дождались! Kaspi Gold теперь в Apple Pay. Поставьте реакцию 👇 ❤️ — если давно этого ждали…
  3. Apr 3, 2026📌Вакансия Бизнес-Системный аналитик •Сбор, анализ и формализация бизнес- и системных треб…
  4. Mar 16, 2026Вакансия: Recruiter / HR (IT) IT-компания Tekmates ищет рекрутера с функциями HR, который…
  5. Feb 26, 2026Вакансия📣 📍Ищем в команду tekmates QA инженера 📍Что предстоит делать: - Участвовать в п…
  6. Feb 9, 2026OpenAI запустила отдельный переводчик внутри ChatGPT. Без чатов и лишних элементов - прост…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →