TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.88K subscribers
Post #2023 811
2026 жылғы 21 сәуір күні Алматы қаласында Қазақстан-Британ техникалық университеті базасында «Автоматтандыру және басқару» білім беру бағдарламасы бойынша XVIII Республикалық пәндік олимпиаданың II кезеңі өтті.
Аталған білім додасына республика бойынша «Автоматтандыру және басқару» мамандығында білім алып жатқан студенттер қатысып, өзара бақ сынасты. Бұл сайыс олардың кәсіби даярлығы мен инженерлік ойлау қабілетін бағалауға бағытталды.
Республикалық олимпиаданың I кезеңі қорытындысы бойынша Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті атынан II кезеңге Дусупова Айсара Темиржановна, Шалабаева Милана Аскаровна және Шадиев Аблайхан Маратович жолдама алды. Команданың ғылыми жетекшілігін Автоматтандыру және басқару кафедрасының оқытушысы Зиявдунова Дильназ Тохтахуновна атқарды.
Республикалық олимпиада қорытындысы бойынша «Автоматтандыру және роботтандыру» білім беру бағдарламасының 3 курс студенттері жоғары нәтиже көрсетті:
– Шалабаева Милана Аскаровна – II орын иегері
– Шадиев Аблайхан Маратович – III орын иегері

Бұл жетістік – студенттердің табандылығы мен білімге деген жауапкершілігінің айқын дәлелі. Мұндай олимпиадалар болашақ инженерлердің кәсіби дамуына серпін беріп, автоматтандыру және басқару саласына деген қызығушылығын арттыра түседі.
Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті сапалы білім беру мен ғылыми әлеуетті дамыту бағытында тұрақты түрде жоғары нәтижелер көрсетіп келеді.
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтай отырып, алдағы уақытта жаңа жетістіктер мен толағай табыстар тілейміз! 🎉
  • ❤ 2
  • 👍 1
More from @itech_su
  1. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  2. Aug 6, 2026video post
  3. Aug 6, 2026🚀 Almaty Hub Incubation: запусти свой IT-продукт за 12 недель За 12 недель участники прой…
  4. Aug 4, 2026Уважаемый абитуриент! 🎓 Satbayev University приглашает вас на обучение в онлайн-формате!…
  5. Aug 4, 2026Құрметті талапкер! 🎓 Satbayev University сізді онлайн оқуға шақырады! 💻 Сапалы білім алы…
  6. Jul 13, 2026📢 Последний шанс зарегистрироваться: Летняя школа Satbayev University & AI Institute 11–1…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →