Мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға үлес қосып, өз идеяларыңызды іс жүзінде жүзеге асырғыңыз келе ме?
Сіздерді «TOM: Almaty» әлеуметтік жобасы – мейкатонға қатысуға шақырамыз.
Мейкатон [https://tom-kazakhstan.kz/](https://tom-kazakhstan.kz/) – бұл 72 сағатқа созылатын марафон, оның аясында студенттер, инженерлер, бағдарламашылар, дизайнерлер және медицина саласының мамандарынан құралған командалар мүгедектігі бар адамдардың өмір сапасын жақсартуға арналған құрылғылардың прототиптерін әзірлейді.
Жоба өнертапқыштар мен мүгедектігі бар адамдарды біріктіріп, күнделікті тұрмыстық мәселелерге технологиялық шешімдер табуға бағытталған.
Өтетін орны: Satbayev University, Алматы қаласы
Жобаның кезеңдері:
1. PreTOM – 24 сәуір (ұзақтығы 1 күн)
қатысушылардың мүгедектігі бар адамдармен танысуы және болашақ шешімдердің идеяларын әзірлеуі.
2. TOM – 22–25 мамыр (ұзақтығы 3 тәулік)
прототиптерді әзірлеуге арналған 72 сағаттық марафон және жобаларды сарапшылар алқасына таныстыру.
Қатысуға шақырылады:
• студенттер
• оқытушылар
• мамандар
Қатысу форматы – 3-тен 5 адамға дейінгі командалар.
Барлық қажетті материалдар, құралдар және тамақ ұйымдастырушылар тарапынан қамтамасыз етіледі.
Тіркелу формасы:
[https://forms.gle/pVFyiwepuLFtvCGn6](https://forms.gle/pVFyiwepuLFtvCGn6)
Тіркелу
Қатысуға өтінімді 12 сәуірге дейін тапсыру қажет.
Сайт: [https://tom-kazakhstan.kz/](https://tom-kazakhstan.kz/)
Instagram: @tomkazakhstan
Мейкатон туралы бейнеролик:
[https://youtu.be/V9_JfZwhOhc?si=sfsn2tu4RuK3Dj2b](https://youtu.be/V9_JfZwhOhc?si=sfsn2tu4RuK3Dj2b)
Байланыс:
Евгения Мнайдарова, TOM жобасының менеджері
тел.: +7 702 199 81 99
e-mail: [y.mnaidarova@arst.kz](mailto:y.mnaidarova@arst.kz)
Post #2013
752