⚜️Сәтбаев университетінде өткен PUNKVERSE Game Jam SU 2025 төртінші рет өтті. Ондаған команда 48 сағат ішінде киберпанк, стимпанк, дизельпанк және биопанк элементтері тоғысқан ерекше ойындар жасады.
🎮 Ректор Мейрам Бегентаев ашылу салтанатында Game Jam — жас әзірлеушілер үшін еркіндік пен шексіз шығармашылық алаңы екенін айтты.
🚀 Командалар тәулік бойы жұмыс істеп, антиутопиялық әлемдер мен жанданған технологияларды жаңа ойын механикасына айналдыруға тырысты. 48 сағат ішінде бұрын-соңды болмаған идеялар жасауды мақсат етті.
⭐ Қазылар алқасының төрайымы Елизавета Морозова қатысушыларға индустриядағы жолдың күрделілігі мен бүгінгі мүмкіндіктердің құндылығын атап өтіп, мотивациялық сөз сөйледі.
💡 Джемнің кульминациясы — питч-сессиялар, онда командалар өз жобаларын сарапшыларға таныстырады. Жеңімпаздарға 1 млн теңге және серіктестерден қосымша сыйлықтар қарастырылған.
🏆 Фестиваль қорытындысында бірінші орынды Исатай Тоқпақбаев жетекшілік ететін Cringe club, екінші орынды Санжар Жорабек басқарған IT college, үшінші орынды Дінмұхамед Серқали жетекшілік ететін HorseInCoat командасы ұтып алды.
#satbayevuniversity #сәтбаевуниверситеті #алматы #90 #наука #политех #1технический #almaty #политехлучшевсех #suiloveu
Post #1976
622
Forwarded from Satbayev University