⚜️ СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АРНАЛҒАН ДӘСТҮРЛІ «САМҒАУ – 2025» ФЕСТИВАЛІН ӨТКІЗДІ
🇰🇿Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының алдындағы алаңда Сәтбаев университетінің озат және белсенді түлектерін марапаттауға арналған жыл сайынғы дәстүрлі «Самғау – 2025» фестивалі өтті. Мерекелік іс-шарағамыңнан астам түлек, оқытушылар, ата-аналар мен құрметті қонақтар жиналды.
🎓Фестивальдің дәл осы жерде өтуі де тегін емес: Ұлттық ғылым академиясының негізін қалаған – көрнекті ғалым, алғашқы президенті, қазақ геология ғылымының көшбасшысы Қаныш Имантайұлы Сәтбаев еді. Бүгінде оның есімімен аталатынуниверситет еліміздің жетекші инженерлік және ғылыми білім беру орталығына айналды. Ал осы алаңда түлектерге арналған фестиваль өткізу – ұрпақтар сабақтастығына тағзым ету, әрі өз тарихымызға деген зор құрмет.
🤵♂️Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек өз бейнеқұттықтауында түлектерге ақ жол тілеп, олар үшін жаңа өмірге жол ашылғанын айтты, әрі бұл жол биік белестер мен мол мүмкіндіктерге толы екенін атап өтті.
🔈«Бүгін сіздердің алдарыңызда жаңа өмір белестерімен жарқын болашаққа толы белес есігін айқар ашқалы отыр. Әлем көз ілеспес жылдамдықпен өзгеріп, сәт санап даму үстінде. Сіздер бұл өзгерістерге ілесіп қана қоймай, іргелі бетбұрыстар жасап, үлкен асуларға қанат қағуларыңыз қажет. Бұл – бүгінгі күннің талабы. Ал оны жүзеге асыру үшінсіздерде білім де, күш-жігер де, заманауи көзқарас пен мол мүмкіндіктердің бәрі бар», – деді Саясат Нұрбек.
🧑🎓Биыл университеттің барлық институттарынан 300-ден астам түлек үздік диплом алды. Олардың қатарында – докторанттар, халықаралық жобалардың жеңімпаздары, сондай-ақ Penn State University және басқа да шетелдік серіктес жоғары оқу орындарымен өзара алмасу бағдарламасына қатысқан студенттер де бар. Салтанатты жиынғаинститут директорлары, оқытушылар мен құрметтіқонақтар қатысты.
🛤️Түлектерге жүрекжарды ақ тілегін Сәтбаев университетінің Басқарма төрағасы – ректор Мейрам Бегентаев жеткізді. Ол өз сөзінде:
«Бүгін сіздер өмірлеріңіздегі маңызды кезеңді аяқтап отырсыздар. Биылғы түлектер – ерекше буын. Бұл буын – тек жобалау мен құрастыруды ғана емес,сонымен қатар терең ойлауды білетін, жауапкершілікті сезінетін және сұлулық пен үйлесімділікті қатар сақтай алатын білікті де мықты инженерлер легі. Сіздер – қазіргі де, болашақтың да инженер маманысыздар. Енді сіздерге әріптесім деп айту мен үшін үлкен мәртебе», – деді.
👷Қазіргі заманда тек кәсіби дағдылар (hard skills) ғана емес, адаммен тіл табысу, көшбасшылық, көркем ойлау сияқты көшбасшылық қасиеттердің (soft skills) де қажет екенін ректор атап өтті. Ол түлектердіқателіктен қорықпауға, қызығушылықты жоғалтпауға және білім алған оқу ордасын – университетті ешқашан ұмытпауға шақырды.
🌇Мерекелі кеш бағдарламасында Дәнеш Рақышеватындағы Жетісу облыстық филармониясының Big-Band оркестрі, MEIR BAND пен NAIZA ансамбльдері өнер көрсетсе, түлектер өздерінің құттықтауынбейнебаян арқылы жолдады, сондай-ақ университет өмірінен сыр шертетін бейнероликтер мен диплом тапсыру рәсімі өтті.
💎«Самғау» фестивалі – Сәтбаев университетіндекөпжылдық дәстүрге айналған айтулы шара. Бұл – білім мен таным тоғысатын, ғылым мен өнерүндесетін, студент пен ұстаз арасындағы рухани байланыс одан сайын нығая түсетін дәстүрлі мереке.
⚜️ SATBAYEV UNIVERSITY ПРОВЁЛ ТРАДИЦИОННЫЙ ФЕСТИВАЛЬ ВЫПУСКНИКОВ «САМҒАУ – 2025»
🇰🇿На площади перед Национальной академией наук РК прошёл ежегодный фестиваль «Самғау-2025» –торжественная церемония чествования отличников и активистов Satbayev University. Мероприятие собрало более тысячи выпускников, преподавателей, родителей и почётных гостей.
🧑🎓Выбор места проведения был символичен: основателем Академии наук Казахстана сталвыдающийся учёный, первый президент АН РК и основоположник отечественной геологической школы – академик Каныш Сатпаев. Сегодня имя Сатпаева с гордостью носит университет, ставший главным инженерным и научным центром страны. Проведение фестиваля именно здесь стало знаком преемственности поколений и уважения к своим корням.
Post #1898
1.1K