TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.87K subscribers
Post #1837 804
⚜️ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР: Сәтбаев университетінің сарапшылары Оңтүстік Кореяның үздік университетінің өкілдерімен кездесті

📍Сәтбаев университетінің сарапшылары Оңтүстік Кореяның жетекші университеттерінің бірі – INHA университетінің делегациясымен кездесті. Екі жақ тараптар қос дипломды білім беру бағдарламалары мен ғылыми жобалар саласы бойынша ынтымақтастық мүмкіндіктер туралы талқылады. Корея тарапының ұсынысы «Ақылды қала» (Smart City) және «Киберқауіпсіздік», академиялық ұтқырлық, ғылыми ынтымақтастық салалары бойынша бірлескен білім беру бағдарламаларын құруды қамтыды.

📌INHA университетінің профессорлары бірлесіп жарияланымдар жасау қызметін құруды ұсынды, ал олар Scopus Q1 құрамына кіретін беделді ғылыми журналдың редакторлары болып табылады. Бұл қазақстандық ғалымдар үшін халықаралық ғылыми интеграция саласында үлкен перспективалар ашады.

🇰🇷INHA университеті – Кореядағы ең танымал университеттердің бірі, қазір сол елдің техникалық прогресі пен ғылыми жетістіктерінің символына айналып отыр. Әсіресе оның нанотехнология, материалтану, киберқауіпсіздік және ақылды қалалар бойынша бағдарламалары өте танымал. Бүгінде ол Оңтүстік Кореяның үздік он университетінің қатарына тұрақты түрде кіреді және осы аймақта бірінші орында тұр.

🤝🏻Мұндай беделді серіктеспен келісім жасау Сәтбаев университеті мен оның студенттері үшін озық білім беру және ғылыми тәжірибелерге қолжетімділікті күшейтеді, сондай-ақ халықаралық ынтымақтастық қарым-қатынас көкжиегін айтарлықтай кеңейтеді
  • ❤ 3
More from @itech_su
  1. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  2. Aug 6, 2026video post
  3. Aug 6, 2026🚀 Almaty Hub Incubation: запусти свой IT-продукт за 12 недель За 12 недель участники прой…
  4. Aug 4, 2026Уважаемый абитуриент! 🎓 Satbayev University приглашает вас на обучение в онлайн-формате!…
  5. Aug 4, 2026Құрметті талапкер! 🎓 Satbayev University сізді онлайн оқуға шақырады! 💻 Сапалы білім алы…
  6. Jul 13, 2026📢 Последний шанс зарегистрироваться: Летняя школа Satbayev University & AI Institute 11–1…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →