TGViewer
Институт Автоматики и Информационных технологий️ Институт Автоматики и Информационных технологий️ @itech_su · 1.87K subscribers
Post #1808 899

Forwarded from Satbayev University

⚜️ҒЫЛЫМ КҮНІ СӘТБАЕВ УНИВЕРСИТЕТІ ШЕТЕЛДІК СТУДЕНТТЕРДІ ҚАЗАҚ МӘДЕНИЕТІМЕН ТАНЫСТЫРДЫ

📍Ғылым күні аясында Сәтбаев университеті «Инженерлік және өндірістік жүйелердегі жасанды интеллект» халықаралық конференциясын өткізумен қатар Наурыз мейрамын да атап өтті. Университет қалашығында домбыра үні күмбірлеп, ән мен би орындалды. Қазақтың тарихы мен ұлттық салт-дәстүрлері студенттерді, оқытушылар мен қонақтарды мерекелік көңіл-күйге бөлеп, көктемгі далада біріктіргендей болды.

📌Мереке дәстүрлі батырлардың қатысуымен өткен театрландырылған қойылымнан басталып, олар көне әдет-ғұрыптар мен отбасы құндылықтарын жаңғыртқандай болды. Қойылымнан кейін «Наурыз» әні шырқалып, университеттің танымал «Meir Band» ансамблі өнер көрсетті.

🏛️Наурыз мейрамын тойлау рәсімі этнофестиваль форматында өтті. Көрермендер әсіресе дәстүрлі садақ ату алаңына ерекше қызығушылық танытты. Шығармашылық өнерді жақсы көретін қауым суретшілердің көпшіліктің көз алдында жасаған картиналарын тамашалады. Суретшілермен қатар қолөнершілер де өз өнерлерін ортаға салды: олар қыш құмыралар құйды, тері өңдеушілер теріден кәдесыйлар жасады, ал зергер әшекейді қолмен зерлеу техникасын көрсетті. Мерекелік іс-шараға сондай-ақ шетелдік студенттер мен оқытушылар да қатысып, өз елдерінің ұлттық киімдері мен астарын көпшілік назарына ұсынды. Және де қазақтың ұлттық ойыны тоғызқұмалақ ойнады.

🎉Мерекелік іс-шараның айтулы оқиғасы – Сәтбаев университетінің студенті Аяжан Даниярқызының аңшы құспен бірге ұлттық аңшылық өнерді көрсетуі болды, ол сондай-ақ сахнадан ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекке құрмет көрсетті. Ал министр ұрпақтар сабақтастығының белгісі ретінде ұлы ғалым Қаныш Сәтбаевтың 126 жылдығына орай жасалған портретін сыйға алды.

🤝🏻Ғылым мен салт-дәстүр қатар өмір сүріп қана қоймай, бірін-бірі үнемі шабыттандыра түседі. Сәтбаев университетінде өткен дәстүрлі Наурыз мерекесі әртүрлі мәдениет пен болашағымыздың арасындағы дәл қазір осы жерден бастау алатын байланысының символына айналды.

#Ғылымкүні #Қазақстанғылымы
More from @itech_su
  1. Sep 15, 2026Девушки в IT и STEM, это ваш знак действовать 💡 ​LYSTRA готовит секретный эксклюзивный пр…
  2. Aug 6, 2026video post
  3. Aug 6, 2026🚀 Almaty Hub Incubation: запусти свой IT-продукт за 12 недель За 12 недель участники прой…
  4. Aug 4, 2026Уважаемый абитуриент! 🎓 Satbayev University приглашает вас на обучение в онлайн-формате!…
  5. Aug 4, 2026Құрметті талапкер! 🎓 Satbayev University сізді онлайн оқуға шақырады! 💻 Сапалы білім алы…
  6. Jul 13, 2026📢 Последний шанс зарегистрироваться: Летняя школа Satbayev University & AI Institute 11–1…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →