TGViewer
Informburo_bilim - Білім саласы жаңалықтары Informburo_bilim - Білім саласы жаңалықтары @informburo_bilim · 184 subscribers
Post #277 336
🇰🇿🇷🇺Alikhan Bokeikhan University Иннополис университетімен және IT-технологияларды дамыту туралы келісімге қол қойды

⚜️ Абай облысының делегациясы құрамындағы Әлихан Бөкейхан университетінің басшылығы Татарстан Республикасына жасаған іс-сапары аясында Иннополис қаласына барды.

Иннополис – Қазан қаласы агломерациясы аумағында тұрғызылған заманауи қала. Онда Иннополис университеті мен «Иннополис» ерекше экономикалық аумағы бар. Мәскеу жанындағы Сколково және Новосібірдегі Кольцово аумақтарымен қатар, Ресейдегі IT технологияларды дамыту мақсатында тұрғызылған ғылыми-өндірістік аумақтардың бірі.

Сапар нәтижесінде Әлихан Бөкейхан университеті мен Abai IT-Valley Технокластері университеті Иннополис Университетімен ғылым мен IT технологияларды дамыту туралы келісімге қол қойды. Келісім бірлескен жобаларды жүзеге асыруды, жасанды интеллект пен робототехника саласындағы академиялық және ғылыми алмасуды, инновациялық аумақтарды құруда тәжірибесімен бөлісу ынтымақтастығын көздейді.

@informburo_bilim
More from @informburo_bilim
  1. Jan 11, 2024👩‍💻🧑‍💻Биылғы түлектер Ұлттық бірыңғай тестілуден 5 рет өте алады Бұл туралы Ғылым және…
  2. Jan 9, 2024🗣TOU ғылымы: ЖОО ғалымдарв 956 миллмон теңге ұтып алды ⚜️Торайғыров университетінің ғалым…
  3. Dec 26, 2023🗣Ғылым министрлігі магистратура гранты иегерлерінің есімдерін жариялады Мемлекеттік грант…
  4. Dec 21, 2023Ақпарат Астана қаласының Білім басқармасы деректері бойынша: 2023 жылғы 21 желтоқсан күні…
  5. Dec 19, 2023🗣19-23 желтоқсандағы ҰБТ-ға тегін дайындық сабақтарының кестесі Сабақтарды оқу орталықтар…
  6. Dec 17, 2023🇰🇿 Түркияның Хаджы Байрам Вели университеті, Чанаккале Онсекиз Март университеті және По…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →