Құрылтай кеден ісі мәселелері жөніндегі жаңа халықаралық келісімдерді қарайды
Құрылтай Төрағасы Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында Құрылтайдың алдағы отырысының күн тәртібі айқындалды.
Күн тәртібіне Қазақстан мен Өзбекстан Үкіметтері арасындағы екі елдің кеден қызметтерінің өкілдіктерін ашу туралы, сондай-ақ Пәкістан Үкіметімен арадағы кеден істеріндегі ынтымақтастық және өзара әкімшілік көмек туралы келісімдерді ратификациялау жөніндегі заң жобалары енгізілді. Құжаттар мемлекеттердің кеден органдары арасындағы өзара іс-қимылдың тиімділігін арттыруға, жедел ақпарат алмасуға, қатерлердің жолын кесу бойынша шараларды келісуге бағытталған.
Бұдан бөлек, Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде ұйымдастырылған сауда-саттықта бағалы қағаздарды орналастыруға және олардың айналысына трансшекаралық рұқсат беру туралы келісім қорытынды әзірлеу үшін салалық комитетке жолданады.
Бюро отырысында Құрылтайдың Парламентаризм институтымен өзара іс-қимыл жөніндегі бірінші сессияға арналған жұмыс жоспары бекітілді. Жеті бөлімнен тұратын құжатта 63 заң жобасын әзірлеу қарастырылған. Сондай-ақ Парламентаризм институты депутаттардың заң шығару қызметін талдамалық сүйемелдеумен және үлгілік заңдардың ұлттық заңнамаға енгізілуіне мониторинг жүргізумен айналысады.
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау мақсатында бірқатар кодекс пен заңға кешенді ревизия жүргізіп, оларды Конституция қағидаттарына сәйкестендіру жоспарланып отыр.
Толығырақ quryltai.kz сайтында.
__
Курултай рассмотрит новые международные соглашения по вопросам таможенного дела
На заседании Бюро под председательством Спикера Курултая Айбека Дәдебай определена повестка предстоящего заседания Курултая.
Депутаты рассмотрят проект ратификации Соглашения с Узбекистаном об открытии представительств таможенных служб, а также с Пакистаном о сотрудничестве и административной взаимной помощи в таможенных делах. Соглашения направлены на развитие сотрудничества между таможенными органами двух стран, обмен информацией и совместное пресечение угроз.
Кроме того, Бюро передает в профильный комитет для подготовки заключения Соглашение о трансграничном допуске к размещению и обращению ценных бумаг в странах ЕАЭС.
На заседании Бюро также утвержден план работы Курултая с Институтом парламентаризма на первую сессию. Документ включает в себя семь разделов, предусматривающих разработку 63 законопроектов, аналитическое сопровождение деятельности депутатов и проведение мониторинга имплементации модельных законов в национальное законодательство.
Также в рамках исполнения поручения Президента запланирована комплексная ревизия ряда кодексов и законов с приведением их в соответствие с принципами Конституции.
Подробнее на сайте quryltai.kz.
t.me/quryltairesmi
Post #14598
648
Forwarded from QURYLTAI
