Өзімнің және Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттары атынан Маңғыстау облысында әскери оқу-жаттығу кезіндегі қайғылы оқиға салдарынан қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасына қайғыра көңіл айтамын.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен Үкіметтік комиссия құрылды. Қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталып, қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларына қажетті көмек көрсету бойынша тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Із-түзсіз кеткен әскери қызметшілерді іздестіру жұмыстары жалғасады. Олардың аман-есен табылып, отбасыларына оралуын тілейміз. Зардап шеккен әскери қызметшілердің тезірек сауығып кетуіне тілектеспін.
Қазақстан Республикасы Құрылтайының Төрағасы Айбек Дәдебай
__
От себя лично и от имени депутатов Курултая выражаю глубокие соболезнования семьям военнослужащих, погибших в результате трагического происшествия во время военных учений в Мангистауской области.
По поручению Главы государства создана Правительственная комиссия. Принимаются меры по установлению обстоятельств произошедшего и оказанию необходимой помощи семьям погибших.
В настоящее время продолжаются поиски военнослужащих. Надеемся на их благополучное возвращение. Всем пострадавшим скорейшего выздоровления и восстановления.
Председатель Курултая Республики Казахстан Айбек Дәдебай
t.me/quryltairesmi
Post #14463
969
Forwarded from QURYLTAI
