16 қыркүйек күні сағат 10:00-де Құрылтай отырысы өтеді.
Депутаттар ратификациялауға қатысты екі заң жобасын бірінші оқылымда қарайды:
– 1994 жылғы 15 сәуірдегі Дүниежүзілік сауда ұйымын құру туралы Марракеш келісіміне Қазақстан Республикасының қосылуы туралы хаттамаға қосымша болып табылатын Қазақстанның көрсетілетін қызметтер бойынша өзіндік міндеттемелер тізбесіне өзгерістер;
– Қазақстан мен Сербия үкіметтері арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім.
Сонымен қатар күн тәртібіне Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру мәселесі енгізілді.
Тікелей эфирді Құрылтайдың quryltai.kz ресми сайтынан, YouTube арнасынан және Facebook парақшасынан, сондай-ақ 24KZ және Jibek Joly республикалық телеарналарынан көре аласыздар.
🤩 Отырыс қорытындысы бойынша БАҚ өкілдеріне арналған брифингтер өткізу жоспарланып отыр:
1.Қазақстанның ДСҰ-ға кіруі кезінде қабылданған көрсетілетін қызметтер бойынша өзіндік міндеттемелер тізбесіне енгізілетін өзгерістерді ратификациялау мәселесі бойынша; Спикерлер – Сауда және интеграция министрі Арман Шаққалиев, депутаттар Динара Райханова (жұмыс тобының жетекшісі) және Алмат Әбдікешов;
2.Құрылтай жанынан Қоғамдық палата құру мәселесі бойынша; Спикерлер – депутаттар Айдос Сарым және Тілектес Адамбеков.
Жаңалықтарды әлеуметтік желілердегі парақшаларымыздан қарай жүріңіздер.
__
16 сентября в 10:00 состоится заседание Курултая.
Депутаты рассмотрят в первом чтении два законопроекта о ратификации:
- изменений в Перечень специфических обязательств Казахстана по услугам, являющийся приложением к Протоколу о присоединении РК к Марракешскому соглашению об учреждении Всемирной торговой организации от 15 апреля 1994 года;
- казахстанско-сербского межправительственного Соглашения о военно-техническом сотрудничестве.
Кроме того, на повестку вынесен вопрос о создании Общественной палаты при Курултае.
Смотрите прямую трансляцию на официальном сайте quryltai.kz, YouTube-канале и странице Курултая в Facebook, а также в эфире республиканских телеканалов 24KZ и Jibek Joly.
🤩 По итогам заседания планируется проведение брифингов для СМИ:
1.По ратификации изменений в Перечень специфических обязательств РК по услугам, принятый при вступлении в ВТО; спикеры – министр торговли и интеграции Арман Шаккалиев, депутаты Динара Райханова (руководитель рабочей группы) и Алмат Абдикешов;
2.По вопросу о создании Общественной палаты при Курултае; спикеры – депутаты Айдос Сарым и Тилектес Адамбеков.
Следите за обновлениями на наших страницах в социальных сетях.
t.me/quryltairesmi
Post #14390
1.33K
Forwarded from QURYLTAI
