Балабақшада 21,5 миллион теңге бюджет қаражатын жымқыру фактісі бойынша тергеу әрекеті басталды
Қызылорда облысының Қазалы ауданында балабақша есепшісі өзіне жоғары жалақыны заңсыз төлеу арқылы 21,5 миллион теңгеден астам бюджет қаражатын жымқырды деген күдікке ілінді.
Прокуратура жүргізген талдау нәтижесімен балабақша есепшісі 4 жыл ішінде штаттық кесте бойынша бекітілген жалақыдан жоғары мөлшерде өзінің банктік шоттарына қосымша қаражатты негізсіз аударғаны анықталды.
Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы Қылмыстық кодекстің 189-бабы 4-бөлігінің 2) тармағымен көзделген, яғни аса ірі мөлшерде сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Қылмыстық іс тергеп-тексеру үшін Қызылорда облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментіне жолданады.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1300991?lang=kk
🌐 https://t.me/GenPr
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
Post #15345
753