TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15343 795
Жетісу облысында заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған адамдардың қызметі тоқтатылды
 
Жетісу облысы прокуратурасының үйлестіруімен заңсыз табыс табу мақсатында құмар ойындарын ұйымдастырған төрт адамның заңсыз қызметі тоқтатылды.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында облыстың төрт тұрғынының, олардың біреуі қылмыстық құқық бұзушылық жасалған кезде кәмелетке толмаған болған, «TikTok» әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирлерде заңсыз карта ойындарын ұйымдастырғаны анықталды.

Құқыққа қайшы әрекеттерінің нәтижесінде олар 95 млн теңге мөлшерінде заңсыз табыс алған.

Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабының 3-бөлігі бойынша қылмыстық іс тіркелді (заңсыз ойын бизнесiн ұйымдастыру). Сот үкімімен аталған адамдар кінәлі деп танылып, мүлкін тәркілей отырып, 4 жылға бас бостандығынан айыруға сотталды (үкім заңды күшіне енген жоқ).

Жетісу облысының прокуратурасы құмар ойындарды ұйымдастыруға байланысты заңсыз қызметті, оның ішінде ақпараттық-коммуникациялық технологиялар мен әлеуметтік желілердің мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасалатын құқық бұзушылықтарды анықтау және олардың жолын кесу бойынша жұмысты жалғастыруда.
 
Жетісу облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-zhetysu/press/news/details/1300880?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 29, 2026Из Российской Федерации экстрадирован подозреваемый в мошенничестве более 106 млн теңге Ге…
  2. Sep 29, 2026106 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті Ресей федерациясынан экстрадици…
  3. Sep 29, 2026В Атырауской области должностных лиц превлеклик ответственности за дискритацию госслужбы П…
  4. Sep 29, 2026Атырау облысында лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы…
  5. Sep 29, 2026Прокуроры области Абай добились осуждения 11 участников группы скотокрадов Прокуратурой Бе…
  6. Sep 29, 2026Абай облысының прокурорлары мал ұрлығымен айналысқан 11 адамнан тұратын топтың сотталуына…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →