TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15256 840
Қызылордада облыс прокурорының кубогына арналған турнир өтті
 
Қызылорда облысы прокуратурасының ұйымдастыруымен «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету, салауатты өмір салтын насихаттау және спортты дамыту мақсатында, сондай-ақ прокуратура органдарының құрылғанына 35 жыл толуына орай облыс прокурорының кубогына арналған мини-футбол және үстел теннисінен спорттық турнир өткізілді.

Аталған спорттық іс-шараға құқық қорғау, арнаулы және мемлекеттік органдардың қызметкерлері қатысып, спорттың екі түрінен өзара бақ сынады.

Турнир барысында қатысушылар жоғары спорттық шеберліктерін көрсетіп, командалық ұйымшылдық пен өзара қолдаудың үлгісін танытты. Мини-футболдан өткен ойындар тартысты жағдайда өтіп, командалар жеңіске жету үшін бар күш-жігерін жұмсады. Ал үстел теннисінен өткен жарыста қатысушылар шапшаңдық, дәлдік және ептілік танытты.

Жарыс қорытындысы бойынша үздік нәтиже көрсеткен командалар мен спортшылар анықталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлер марапатталды.

Мұндай іс-шаралар «Заң мен тәртіп» қағидаттарын кеңінен насихаттауға, азаматтардың спортқа деген қызығушылығын арттыруға, сондай-ақ құқық қорғау органдары арасындағы өзара ынтымақтастықты нығайтуға ықпал етеді.
 
Қызылорда облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-kyzylorda/press/news/details/1297636?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 29, 2026Из Российской Федерации экстрадирован подозреваемый в мошенничестве более 106 млн теңге Ге…
  2. Sep 29, 2026106 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті Ресей федерациясынан экстрадици…
  3. Sep 29, 2026В Атырауской области должностных лиц превлеклик ответственности за дискритацию госслужбы П…
  4. Sep 29, 2026Атырау облысында лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы…
  5. Sep 29, 2026Прокуроры области Абай добились осуждения 11 участников группы скотокрадов Прокуратурой Бе…
  6. Sep 29, 2026Абай облысының прокурорлары мал ұрлығымен айналысқан 11 адамнан тұратын топтың сотталуына…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →