TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15254 890
Астанада ер адам бұрынғы бірге тұрған әйелін өртеп жіберемін деп қорқытқаны үшін сотталды
 
Сот үкімімен бұрынғы бірге тұрған әйеліне қатысты құқыққа қайшы әрекет жасаған ер адамға 60 сағат қоғамдық жұмыс түріндегі жаза тағайындалып, оның мінез-құлқына бірқатар ерекше талаптар белгіленді. Атап айтқанда, жәбірленушіге жақындауға тыйым салынды.

Оқиға қызғаныш салдарынан орын алған. Ер адам бұрын бірге тұрған әйелінің жұмыс орнына жанғыш сұйықтық құйылған бөтелкемен келген.

Әйелмен қарым-қатынасын қалпына келтіру мақсатында ол жәбірленушіні өртеп жіберемін деп қорқытқан. Кейін оның үстіне жанғыш сұйықтық құйып, өміріне нақты қауіп төндірген.

Сот отырысында мемлекеттік айыптаушы сотталушының кінәсін дәлелдеді.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Прокуратура азаматтарды қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда өз құқықтарын қорғау және ауыр зардаптардың алдын алу үшін дереу құқық қорғау органдарына жүгінуге шақырады. Сонымен қатар азаматтардың өміріне, денсаулығына және қол сұғылмаушылығына қарсы жасалған кез келген әрекет, оның ішінде қорқыту мен қудалау заңда белгіленген қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғатынын ескертеді.
 
Астана қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-astana/press/news/details/1297518?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 29, 2026Из Российской Федерации экстрадирован подозреваемый в мошенничестве более 106 млн теңге Ге…
  2. Sep 29, 2026106 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті Ресей федерациясынан экстрадици…
  3. Sep 29, 2026В Атырауской области должностных лиц превлеклик ответственности за дискритацию госслужбы П…
  4. Sep 29, 2026Атырау облысында лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы…
  5. Sep 29, 2026Прокуроры области Абай добились осуждения 11 участников группы скотокрадов Прокуратурой Бе…
  6. Sep 29, 2026Абай облысының прокурорлары мал ұрлығымен айналысқан 11 адамнан тұратын топтың сотталуына…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →