TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15250 807
Алматы прокуратурасы бизнес нысандарын инженерлік желілерге қосу кезіндегі бұзушылықтарды анықтады
 
Алматы қаласының прокуратурасы табиғи монополиялар субъектілерінің кәсіпкерлік субъектілеріне, оның ішінде инвесторларға объектілерді инженерлік желілерге қосу кезінде реттеліп көрсетілетін қызметтердің заңдылығына талдау жүргізді.
 
Жекелеген табиғи монополиялар субъектiлерiнiң «Мемлекеттiк қала құрылысы кадастры» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнде мәлiметтердi тиiсiнше орналастыруды және уақтылы өзектендiрудi қамтамасыз етпегенi анықталды.
 
Нәтижесінде бизнес субъектілері мен инвесторлар бос қуаттардың болуы және объектілерді инженерлік инфрақұрылымға қосудың техникалық мүмкіндігі туралы нақты ақпаратты уақтылы алу мүмкіндігінен іс жүзінде айырылған.
 
Мұндай практика заңнама талаптарына сәйкес келмейді және реттеліп көрсетілетін қызметтердің ашықтығы мен қол жетімділігі қағидаттарын бұзады, сондай-ақ тұтынушылардың қажетті ақпаратқа қол жеткізуін шектейді.
 
Қадағалау нәтижелері бойынша кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 164-бабы 1-бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
 
Салынған әкімшілік айыппұлдардың жалпы сомасы 4,7 млн теңгені құрады. Инженерлік қуаттардың болуы және қолжетімділігі туралы тиісті мәліметтер ақпараттық жүйеге енгізілді.
 
Алматы қаласының прокуратурасы реттелiп көрсетiлетiн қызметтер саласында заңдылықты қамтамасыз ету және кәсiпкерлiк субъектiлерiмен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөнiндегi жұмысты жалғастыруда.
 
Алматы қаласы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-almaty/press/news/details/1297391?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 29, 2026Из Российской Федерации экстрадирован подозреваемый в мошенничестве более 106 млн теңге Ге…
  2. Sep 29, 2026106 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті Ресей федерациясынан экстрадици…
  3. Sep 29, 2026В Атырауской области должностных лиц превлеклик ответственности за дискритацию госслужбы П…
  4. Sep 29, 2026Атырау облысында лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы…
  5. Sep 29, 2026Прокуроры области Абай добились осуждения 11 участников группы скотокрадов Прокуратурой Бе…
  6. Sep 29, 2026Абай облысының прокурорлары мал ұрлығымен айналысқан 11 адамнан тұратын топтың сотталуына…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →