TGViewer
Қазақстан Бас прокуратурасы Қазақстан Бас прокуратурасы @genpr · 17.4K subscribers
Post #15246 833
«Айласы бар iPhone-18 смартфонына алдын ала тапсырыс»
 
Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Қылмыстық қауіп-қатерлер мен қоғамдық қауіпсіздік тәуекелдерін болжау орталығы Apple iPhone 18 смартфонына алдын ала тапсырыс беру және одан бас тарту түріндегі жаңа алаяқтық схемалар туралы ескертеді.

Шетелдік дереккөздердің мәліметінше (https://www.rbc.ru/technology_and_media/10/09/2026/6aa2e19e9b999f9523ba4c7a?utm_referrer=https%3A%2F%2Fyandex.kz%2F) алаяқтар пайдаланушылардың жаңа смартфон моделіне деген қызығушылығын пайдаланып, оларға алдын ала тапсырыс беру туралы жалған хабарламалар мен ұсыныстар жіберуде.

Схема қалай жұмыс істейді?

Бірінші жағдайда алаяқтар Apple компаниясының атынан iPhone 18 смартфонына алдын ала тапсырыс берілгені туралы жалған хабарлама жібереді.

Одан бас тарту үшін «қолдау қызметіне» қоңырау шалуды ұсынады.

Шын мәнінде көрсетілген нөмір алаяқтарға апарады, олар сатып алудан бас тартуды сылтау етіп, құпия мәліметтерді алдап алуға және адамды өз нұсқауларын орындауға көндіруге тырысады.

Екінші жағдайда пайдаланушыларға жылдам жеткізу кепілдігімен тиімді бағада смартфонды брондау ұсынылады. Тапсырысты рәсімдеуге арналған сілтеме банк картасының деректері, құпия сөздер және басқа да құпия ақпарат сұралатын жалған сайтқа апарады.

Алынған мәліметтер есептік жазбаларға және банктік сервистерге кіру, сондай-ақ ақшалай қаражатты ұрлау үшін пайдаланылуы мүмкін.

Басты қулық – адамды асығыс әрекет етуге мәжбүрлеу: бейтаныс тапсырыстан қорқу немесе тиімді ұсынысты жіберіп алудан қауіптену.

Өзіңізді қорғау үшін:

• күмәнді хабарламалардағы сілтемелерге өтпеңіз және нөмірлерге қоңырау шалмаңыз;

• құпия сөздерді, PIN-кодтарды, банк карталарының CVV-кодтарын және SMS арқылы келетін растау кодтарын хабарламаңыз;

• бейтаныс адамдардың өтініші бойынша қосымшаларды орнатпаңыз және құрылғыңызға кіруге рұқсат бермеңіз;

• сайттың түпнұсқалығына және сатушының сенімділігіне көз жеткізбейінше алдын ала төлем жасамаңыз;

• тапсырыстар туралы ақпаратты сатушының ресми сайты немесе қосымшасы арқылы өзіңізашып тексеріңіз. Егер сіз карта деректерін беріп қойсаңыз немесе күмәнді қаражат есептен шығарылғанын байқасаңыз, дереу банкпен хабарласыңыз, картаны бұғаттаңыз және болған оқиға туралы полицияға хабарлаңыз.

Есіңізде болсын!

Тапсырыс туралы күтпеген хабарлама – ақпаратты тексеруге себеп. Кодты шұғыл хабарлау немесе ақша аудару талабы – ықтимал алаяқтықтың белгісі.

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
More from @genpr
  1. Sep 29, 2026Из Российской Федерации экстрадирован подозреваемый в мошенничестве более 106 млн теңге Ге…
  2. Sep 29, 2026106 миллион теңгеден астам сомаға алаяқтық жасаған күдікті Ресей федерациясынан экстрадици…
  3. Sep 29, 2026В Атырауской области должностных лиц превлеклик ответственности за дискритацию госслужбы П…
  4. Sep 29, 2026Атырау облысында лауазымды тұлғалар мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қы…
  5. Sep 29, 2026Прокуроры области Абай добились осуждения 11 участников группы скотокрадов Прокуратурой Бе…
  6. Sep 29, 2026Абай облысының прокурорлары мал ұрлығымен айналысқан 11 адамнан тұратын топтың сотталуына…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →