📌Саяхат пен шытырманға қатысты идиомдар
🔵 Hit the road – жолға шығу
· It's getting late, time to hit the road.
· Кеш болып кетті, жолға шығатын уақыт болды.
🟢 Off the beaten path / track – иен жер, адам аз баратын орын
· We love to explore places that are off the beaten track.
· Біз адамдар көп бармайтын, иен жерлерді зерттегенді ұнатамыз.
🔵 Live out of a suitcase – чемоданмен өмір сүру (әрдайым көшіп-қону, сапарда болу)
· As a touring musician, he lives out of a suitcase for months.
· Гастрольде жүрген музыкант ретінде ол айлап чемоданмен өмір сүреді.
🟢 Journey of a lifetime – өмір бойы есте қалар сапар
· Visiting the Himalayas was truly the journey of a lifetime.
· Гималайға барғанымыз – өмір бойы ұмытылмас сапар болды.
🔵 Travel light – жеңіл жүру (аз затпен саяхаттау)
· I prefer to travel light, with just a backpack.
· Мен жеңіл жүргенді жақсы көремін, тек рюкзакпен.
🟢 Call it a day – бүгінге тоқтау, демалу
· After 10 hours on the road, we decided to call it a day.
· 10 сағат жол жүрген соң, бүгінге тоқтауды шештік.
Post #3389
752

- ❤ 7
- 🔥 2
- 🥰 2
- 🎉 1