🇬🇧🤓 Қайсысы маңыздырақ: еңбекқорлық па, әлде талант па?
Бұл туралы ағылшынша қалай сөйлесеміз дейсіз бе?
Сіз үшін осы тақырыпты қызығып талқылап жатқан екі америкалықтың өте қызық аудио материалын таңдадым! 🎧🔥
🚀 Деңгейі: Intermediate және одан жоғары
‼️ **Аудиодан алынған пайдалы тіркестер:**‼️
⭐️ to master any skill – Кез келген дағдыны жетік меңгеру
*In today's job market, you've got to master the skills of tomorrow, now.*
Бүгінгі еңбек нарығында болашақта керек дағдыларды дәл қазір үйреніп алған жөн.
⭐️ the task at hand – Қолда тұрған тапсырма / Нақты тапсырма
*I need to concentrate on the task at hand.*
Қазір ең бастысы — тапсырмама бар зейінімді бөлуім керек.
⭐️ to go above and beyond – Барын салып, бар күшін жұмсау
*He's always been a good friend, but while I was ill he really went above and beyond.*
Ол әрқашан жақсы дос болатын, бірақ мен ауырып жатқанда – тіпті бәрін істеп, қолдан келгеннің бәрін жасады.
⭐️ to sum it up – Қорытындылау, қысқаша айтқанда
*Our problem, to sum it up, is indeed a very simple one.*
Қысқаша айтқанда, біздің мәселе өте қарапайым.
⭐️ to put someone's mind to it – Бір нәрсеге толығымен кірісу / бар ынтасымен айналысу
*If you put your mind to it, you could have the job finished by noon.*
Егер шынымен тырыссаң, бұл жұмысты түске дейін-ақ бітіруге болады.
⭐️ predisposed – Бір нәрсеге бейім / икемі бар
*Some people are predisposed to addiction.*
Кейбір адамдар тәуелділікке бейім келеді.
Post #2982
580
- ❤ 8
- 🔥 2
- 🥰 1