TGViewer
Fluent Future✨ Fluent Future✨ @fluentfutureeng · 2.85K subscribers
Post #14 592
Бүгін базалардың базасынан бастаймыз яғни "TO BE - болу" ережесін түсіндіремін. "To be" конструкциясы ағылшын тілінде "болу" деген мағынаны білдіреді. Бұл етістік кім, не және қандай екенін білдіретін сөйлемдерде қолданылады. Қазақ тіліндегі "бар", "жоқ" сөздеріне де сәйкес келеді.

"To be" етістігінің түрленуі:

I am – Мен(мін)
You are – Сен(сің)/Сіз(сіз)
He/She/It is – Ол (ер адам/әйел/зат)
We are – Біз(біз)
You are – Сендер(сіңдер)/Сіздер(сіздер)
They are – Олар
Құрылым:

Субъект + to be + сипаттама (сөйлемнің негізгі бөлшегі).
Мысалдар:

I am a student – Мен студентпін.
You are happy – Сен бақыттысың.
He is a doctor – Ол дәрігер.
They are at home – Олар үйде.
Қысқаша ережелер:

"To be" әркімге сай өзгеріп тұрады (am, is, are).
Субъектіден кейін қойылады.
Сипаттау үшін немесе бір нәрсенің орнын, жағдайын білдіру үшін қолданылады.
Қарапайым әдіс: "To be" – "кім", "не" және "қайда" сұрақтарына жауап беруге көмектесетін негізгі етістік
  • 👍 6
  • ❤ 3
  • ❤‍🔥 1
  • 😁 1
More from @fluentfutureeng
  1. Oct 7, 2026Получается, для speaking&writing 7.0+ за один месяц 👇 1) ✅ нужен опытный учитель с высоки…
  2. Oct 7, 2026Менің Speaking&Writing guide/lesson-дарымның результаттары/фидбэктері:😍 OVERALL:8.0(speak…
  3. Oct 7, 2026Всего у 8 % человек speaking 7.5+ А в writing-е их только 17%🙁 Показать результаты ученик…
  4. Oct 6, 2026Post #4462
  5. Oct 6, 2026Post #4461
  6. Oct 5, 2026🇬🇧 Как готовиться к IELTS бесплатно? Не обязательно покупать дорогой курс, чтобы подгото…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →