TGViewer
ERLAN KARIN ERLAN KARIN @erlankarin · 4.9K subscribers
Post #828 3.86K
Конституциялық Соттың бүгінгі түсіндірмесі таза нормативтік-құқықтық сипатқа ие. Бұл – жаңа Конституцияның күшіне енуіне байланысты туындаған бірқатар рәсімдік мәселелерге берілген құқықтық жауап.

Атап айтқанда, жаңа Ата Заңның күшіне енуіне байланысты 1 шілдеден бастап конституциялық нормадағы бір реттік өкілеттік мерзім талабы қолданылатын лауазымды тұлғалар тағайындалуға тиіс: Жоғарғы Соттың Төрағасы, Бас Прокурор, Конституциялық Соттың Төрағасы мен судьялары.

Осыған орай «Бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норманы қазіргі іс басындағы лауазымды тұлғаларға қолдану керек пе әлде олардың қайта тағайындалуына мүмкіндік бар ма?» деген сауал туындаған еді. 

Конституциялық Соттың түсіндірмесі аталған мәселеге нақты құқықтық жауапты ұсынады: бір реттік өкілеттік мерзімге қатысты норма жаңа Конституция күшіне енгеннен кейін тиісті лауазымдарға тағайындалған адамдарға ғана қолданылады. Құқықтық реттеудің бірізділік қағидатына сәйкес, бір реттік өкілеттік мерзім жөніндегі норма қазіргі Президентке де қатысты болады.

Бұл ретте, Президенттің жеті жылдық бір ғана мерзімге сайлануы туралы ереже мемлекеттің Егемендігі, Тәуелсіздігі, унитарлығы, аумақтық тұтастығы және басқару нысаны секілді мүлдем өзгермейтінін атап өту қажет (ҚР Конституциясының 43-бабы, 5-тармағы).

Конституциялық нормалардың аталған түсіндірмесі қандай да бір тұлғаның автоматты түрде тағайындалатынын немесе сайланатынын білдірмейді. Ол тек тиісті тұлғаның сайлауына немесе тағайындалуына құқықтық мүмкіндігі бар екенін айқындайды. Осылайша, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес бүгін Мемлекет басшысы Бас Прокурорды тағайындады.

Конституциялық Соттың бүгінгі шешімі – жаңа мемлекеттік-саяси модельді қалыптастырумен байланысты ауқымды үдерістің кезекті бір бөлігі ғана. Қазіргі таңда жаңа институттарды іске қосу бойынша жоспарлы жұмыс жалғасуда: Құрылтай сайлауы тағайындалды, саяси партиялар съездерін өткізуде, сондай-ақ «Қазақстан Халық Кеңесі» хатшылығын құру туралы Жарлыққа қол қойылды.
More from @erlankarin
  1. Sep 16, 2026Приоритеты внутренней политики: ценности, этика, будущее Первый – конституционные ценности…
  2. Sep 16, 2026Ішкі саясат басымдықтары: құндылықтар, этика, болашақ Бірінші – конституциялық құндылықтар…
  3. Aug 28, 2026Сегодня Президент Касым-Жомарт Токаев открыл первую сессию Курултая первого созыва. Даже с…
  4. Jul 25, 2026photo post
  5. Jul 25, 2026Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың ж…
  6. Jul 25, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →