TGViewer
ERLAN KARIN ERLAN KARIN @erlankarin · 4.9K subscribers
Post #825 2.5K
Бүгін Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілерінің күші жойылды деп тану туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бұл – Президенттің Жаңа Конституция заңды күшіне енген соң қол қойған алғашқы Жарлығы екенін айта кеткен жөн. Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, Осы ерекше күн еліміздің бүкіл саяси жүйесін, сондай-ақ мемлекеттің және азаматтық қоғамның негізгі институттарын түбегейлі жаңғырту кезеңі басталғанын аңғартады.
Жарлықта Ата заңның ережелеріне сәйкестендіру үшін Президент бекітетін 100 астам нормативті актілерге өзгерістер енгізу көзделген.
Осылайша, Мемлекет басшысы 2026 – Конституциялық реформасын қарқынды іске асыруды жалғастыруда.
Жарлықтың мазмұнына келсек, бірқатар өзгерістер терминологиялық сипатта болып отыр: «Құрылтай», жалпыхалықтық референдум», «теңге» және басқа да ұғымдар өзге актілерде көрініс тапты.
Бұдан бөлек, мемлекетті дамытудың конституциялық қисынын айқындайтын түбегейлі өзгерістер өте маңызды.
Сонымен қатар, «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» 2025 жылғы 5 қарашада қабылданған Жарлыққа енгізілген түзетулерді айрықша атап өткен жөн. Жаңартылған редакцияда Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі тарихи меже деп көрсетілген. Сондай-ақ, бұл оқиға заманауи, барынша серпінді мемлекеттік-саяси үлгіге көшіп, жаңа қоғамдық этика қалыптастыруға берік негіз болатыны айқындалған.
Осыған байланысты, еліміздің жүйелі жаңғырту кезеңінде ішкі саясат саласына баса мән беріледі. Оның басты міндеті – конституциялық құндылықтар мен қағидаттарды, ілгерілету, қорғау және жүзеге асыру болмақ. Мұның бәрі мемлекеттік институттардың алдағы уақытта атқаратын жұмыстарына, қоғамдық диалогты дамытуға және жасампаз әрі жауапты мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға арқау болады.
More from @erlankarin
  1. Sep 16, 2026Приоритеты внутренней политики: ценности, этика, будущее Первый – конституционные ценности…
  2. Sep 16, 2026Ішкі саясат басымдықтары: құндылықтар, этика, болашақ Бірінші – конституциялық құндылықтар…
  3. Aug 28, 2026Сегодня Президент Касым-Жомарт Токаев открыл первую сессию Курултая первого созыва. Даже с…
  4. Jul 25, 2026photo post
  5. Jul 25, 2026Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың ж…
  6. Jul 25, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →