TGViewer
ERLAN KARIN ERLAN KARIN @erlankarin · 4.9K subscribers
Post #822 2.4K
Бүгін Мемлекет басшысы бірқатар конституциялық заңға қол қойды:
- Қазақстан Республикасының Президенті туралы;
- Қазақстан Республикасының Құрылтайы және оның депутаттарының мәртебесі туралы;
- Қазақстан Халық Кеңесі туралы;
- Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы;
- Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы.
Референдумда қабылданған жаңа Ата Заң Конституциялық реформаның бірінші кезеңінде жүзеге асырылса, заңдардың және басқа да құқықтық актілер топтамасының бекітілуімен реформаның екінші кезеңі түйінделеді.
Ал 1 шілдеден реформаның үшінші кезеңі басталады. Бұл мемлекеттік-саяси моделді жаңғыртуға бағытталған. Алдымен Құрылтай депутаттарының сайлауы өтеді, одан кейін Қазақстан Халық Кеңесі құрылады, оның ізін ала биліктің өзге де негізгі институттары жаңарады.
Реформалардың жалпы қисыны кезең-кезеңімен жүзеге асырылуында: алдымен тұжырымдама, содан соң құқықтық база, одан кейін мемлекеттің саяси моделінің жаңаруы. Өзгерістердің қарқынына да ерекше назар аударған жөн. Реформалар тоқтаусыз әрі мақсатты түрде жүргізілуде, сондай-ақ нақты әрі салмақты сабақтастыққа негізделген. Мұның барлығы Мемлекет басшысының саяси стиліне тән дүниелер.
Осылайша, кең ауқымдағы қоғамдық келісімге сүйенген жүйелі әрі дәйекті жаңғыру қазіргі Қазақстанның басты ерекшелігіне айналып келеді.
More from @erlankarin
  1. Sep 16, 2026Приоритеты внутренней политики: ценности, этика, будущее Первый – конституционные ценности…
  2. Sep 16, 2026Ішкі саясат басымдықтары: құндылықтар, этика, болашақ Бірінші – конституциялық құндылықтар…
  3. Aug 28, 2026Сегодня Президент Касым-Жомарт Токаев открыл первую сессию Курултая первого созыва. Даже с…
  4. Jul 25, 2026photo post
  5. Jul 25, 2026Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен әрі тікелей қолдауымен Маңғыстаудың ж…
  6. Jul 25, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →