🏇 Доссор кен орнының 115 жылдығына орай Бәйгетөбе ауылдық округінің бәйге алаңында ұлттық ат спорты түрлерінен жарыстар өтті. Дүбірлі додаға қатысушылар аламан бәйге, құнан бәйге және тай бәйге бойынша бақ сынап, жүйріктердің шабысы көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Жарыс барысында шабандоздар мен жүйріктер өзара сынға түсіп, ұлттық ат спортының дәстүрін жалғастырды. Жарыс бағдарламасынан кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсімі өтіп, қатысушыларға құрмет көрсетілді. Шара концерттік бағдарламамен жалғасты.
Ат спорты жарыстары Доссор кен орнының 115 жылдық мерейтойы аясындағы ұлттық спортқа арналған іс-шаралардың бірі болды. Мерекелік бағдарлама барысында Доссордың тарихы мен мұнайлы өлкенің мәдени мұрасы дәріптеліп, ұлттық құндылықтарды ұлықтауға мән берілді.
Post #4372
183









