Қазақстандық бидай әлемнің 29 еліне жеткізіледі
🍞 Бүгін, 16 қазанда Дүниежүзілік нан күні атап өтіледі. Осыған орай Қазақстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі еліміздегі астық және ұн тарту салаларының даму қорытындыларын жариялады.
Ведомствоның мәліметінше, Қазақстанда астық өндірудің көпжылдық орташа көлемі шамамен 18 млн тоннаны құрайды. Бұл ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге және экспорттық әлеуетті қалыптастыруға мүмкіндік береді. Ал астықты ішкі тұтыну және өңдеу көлемі шамамен 9,5 млн тоннаға жетеді.
https://eldala.kz/kz/novosti/zerno/25753-kazahstanskuyu-pshenicu-postavlyayut-v-29-stran-mira
Post #18655
108
