TGViewer
ДрамаKZ ДрамаKZ @dramakz_fest · 158 subscribers
Post #415 75
ЗАМАНАУИ ДРАМАТУРГИЯНЫ ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ АУДАРУ БАЙҚАУЫ БАСТАЛДЫ!

Eurodram еуропалық театр аудармалары желісімен серіктестік аясында біз әр екі жыл сайын драматургиялық шығармалардың қазақ тіліне жасалған үздік аудармаларын іріктейміз.

«Үздік аударма» байқауы бүгін басталады! Аудармашылар мен авторлар, сіздердің мәтіндеріңізді күтеміз!

Байқаудың негізгі шарттары:

📌 пьесаның қазақ тіліндегі аудармасы 2017 жылдан ерте жасалмаған болуы керек;
📌 түпнұсқа пьеса Еуропа, Орталық Азия немесе Жерорта теңізі аймағындағы елдер және сол елдердің бірінің тілінде (оның ішінде орыс тілінде) жазылған болуы керек;
📌 түпнұсқа пьеса ХХ ғасырдың екінші жартысында немесе одан кейін, яғни 1950 жылдан бүгінгі күнге дейін жазылған болуы керек;
📌 аударма мәтіндерін аудармашылар, түпнұсқа пьесалардың авторлары (аудармашының келісімімен), баспагерлер мен агенттер ұсына алады.

Хатта аудармашы, түпнұсқа пьесаның авторы, түпнұсқа тілі және аударманың жасалған жылы туралы мәлімет көрсетілуі қажет.
Мысалы: аудармашы — Мұрат Мұратов, түпнұсқа пьесаның авторы — Мартин Макдонах («Жалғыз Батыс» пьесасы), түпнұсқа тілі — ағылшын тілі, аударма жасалған жыл — 2019.
Немесе: аудармашы — Әлия Ахмет, түпнұсқа пьесаның авторы — Флориан Зеллер («Ұл» пьесасы), түпнұсқа тілі – француз тілі, аударма жасалған жыл — 2022.

Қазақ тіліне жасалған үздік үш аударма Eurodram желісінің платформаларында және жыл сайынғы конференциясында таныстырылады. Бұл аудармалармен Еуропа, Жерорта теңізі және Орталық Азия елдерінің драматургтері, аудармашылары, режиссерлері, продюсерлері мен баспагерлері таныса алады.

Аудармаларыңызды [festival@drama.kz] электрондық поштасына жіберіңіздер.

Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі — 2026 жылғы 20 желтоқсан.
  • ❤ 7
More from @dramakz_fest
  1. Sep 21, 2026photo post
  2. Sep 15, 2026🎃 «Очень страшный драмарафон»: микрофестиваль коротких пьес в Трансформе. Телеграм-канал…
  3. Aug 31, 2026Пьеса аударатын мамандарға жақсы жаңалық! TINFO театр жобасы фин пьесаларын кез келген тіл…
  4. Aug 31, 2026photo post
  5. Jul 18, 2026Друзья, у нас наконец-то готовы видеозаписи читок и образовательной программы ДрамаKZ-2026…
  6. Jul 18, 2026photo post
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →