Марғұлан inDrive компаниясында Platform Engineering, оның ішінде Mobile Delivery Platform бағытын дамытумен айналысады. Ол Қазақстанға биылғы сәуір айында оралды. Оған дейін Жапонияның ең ірі маркетплейсі — Токиодағы Mercari компаниясында жұмыс істеп, Mobile Infra, CI/CD, Bazel және инфрақұрылымдық скрипттерді жетілдіруге елеулі үлес қосты.
Конференцияда Марғұлан «iOS infrastructure with self-hosted runners: pitfalls, improvements and value vs cloud runners» тақырыбында баяндама жасайды.
Ол өз баяндамасында iOS инфрақұрылымын self-hosted runner-лер негізінде құрудың практикалық тәжірибесімен бөліседі:
— Өз инфрақұрылымыңды қолдану кезінде кездесетін басты су асты тастары мен қиындықтар
— CI/CD процестерін оңтайландыру мен жақсартудың тиімді жолдары
— Self-hosted және cloud runner-лерді салыстырмалы түрде талдау: қай шешім бизнес пен инженерлік командаға көбірек құн (value) береді
🎟 Өзіңізге немесе компанияңызға билет сатып алыңыз — бай бағдарлама, пайдалы нетворкинг және кәсіби дағдыларыңызды арттыру мүмкіндігі кепілдендірілген!
@devopsdayskz
