TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27353 71
ҚАЗАҚСТАНДА ЖЫЛ САЙЫН 1,5 МЫҢҒА ЖУЫҚ НӘРЕСТЕГЕ КҮРДЕЛІ ХИРУРГИЯЛЫҚ ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ

Алматыда 9 елдің, соның ішінде Ұлыбритания, Аустрия, Дания, Израиль және Беларусь елдерінің ғалымдары, педиатрлары, балалар хирургтері мен Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) бейінді сарапшылары бас қосқан «Баланың денсаулығы мен дамуы» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өз жұмысын аяқтады.

Конференцияда ауруларды ерте анықтаудың халықаралық стандарттарын енгізу, педиатриялық қызметті жаңғырту және медицина мамандарын үздіксіз оқыту мәселелері негізгі тақырып ретінде талқыланды.

Іс-шара барысында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ана мен бала денсаулығын сақтау департаментінің директоры Мағрипа Ембергенова балаларға көрсетілетін медициналық көмекті жаңғырту бағытында атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндады.

«Біздің алдымызға қойған нақты мақсатымыз – жоғары технологиялық медициналық көмектің кез келген түрін еліміздің ішінде қолжетімді ету. Бүгінде клиникаларымызда «Гамма-пышақ» және протондық терапия әдістері қолданылып келеді. Сондай-ақ гибридті операциялық кешен іске қосылды. Оның көмегімен ми ісіктері мен қан тамырлары патологиялары кезінде күрделі хирургиялық араласулар бір операция аясында жүргізіледі», – деді ол.


Оның айтуынша, неонаталдық хирургия саласында да жоғары нәтижелерге қол жеткізіліп келеді. Қазіргі уақытта даму кемістіктері бар нәрестелерге мамандандырылған медициналық көмек еліміздің барлық дерлік өңірінде қолжетімді.

Жыл сайын шамамен 1,5 мың сәбиге хирургиялық операция жасалады. Олардың 40%-ы тіндерді барынша аз зақымдайтын эндовидеохирургиялық әдіспен жүргізіледі.

Сонымен қатар жыл сайын 2 мыңнан астам бала кардиохирургиялық көмек алады, 500 балаға есту импланттары орнатылады, ал шала туған 700-ге жуық сәбиге ретинопатияны түзету емі жүргізіледі.

Медициналық инфрақұрылымды жүйелі түрде нығайту нақты нәтижелер беріп отыр. Соңғы үш жылдың ішінде туыстық байланысы жоқ донорлардан дің жасушаларын трансплантаттау үшін балаларды шетелге жіберу көрсеткіші 3 есе, ал кардиохирургиялық операциялар жасау үшін жіберу көрсеткіші 5,2 есе азайған.

Алдағы уақытта ведомство радиойодтерапияны енгізуді және қан тамырлары мальформацияларын емдеудің заманауи хаттамаларын іске қосуды жоспарлап отыр.


«2027 жылдан бастап шетелде емделуге жіберілетін пациенттер санын кезең-кезеңімен тағы 50%-ға қысқарту жоспарлануда. Бұл үшін клиникаларды заманауи жабдықтармен қамтамасыз етуді жалғастыру, инновациялық технологияларды енгізу және кез келген күрделіліктегі операцияларды жасай алатын отандық мамандарды тұрақты даярлау қажет», – деп түйіндеді баяндамашы.


#педиатрияконференциясы #балалархирургиясы #ҚРДенсаулықсақтауминистрлігі
More from @denminpr
  1. Oct 10, 2026ЕЖЕГОДНО В КАЗАХСТАНЕ 1.5 ТЫСЯЧИ НОВОРОЖДЕННЫХ ПОЛУЧАЮТ СЛОЖНОЕ ХИРУРГИЧЕСКОЕ ЛЕЧЕНИЕ В Ал…
  2. Oct 10, 2026КАЗАХСТАН И ЮЖНАЯ КОРЕЯ ЗАПУСКАЮТ SMSRT-ТЕЛЕМЕДИЦИНУ В МАНГЫСТАУ В Актау состоялся междуна…
  3. Oct 10, 2026ҚАЗАҚСТАН МЕН ОҢТҮСТІК КОРЕЯ МАҢҒЫСТАУДА SMART-ТЕЛЕМЕДИЦИНАНЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ Ақтауда «ЖИ негі…
  4. Oct 10, 2026В КЫЗЫЛОРДЕ ПРОШЁЛ МАСТЕР-КЛАСС ПО СЛОЖНЫМ ХИРУРГИЧЕСКИМ ОПЕРАЦИЯМ ПРИ РАКЕ ЖЕЛУДКА Сегодн…
  5. Oct 10, 2026ҚЫЗЫЛОРДАДА АСҚАЗАН ОБЫРЫНА ҚАТЫСТЫ КҮРДЕЛІ ОПЕРАЦИЯЛАР БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ Бүгін Сы…
  6. Oct 9, 2026В АСТАНЕ НА АЛЛЕЕ «АСЫЛ ҚАДАМ» ВЫСАДИЛИ ДЕРЕВЬЯ В ЧЕСТЬ ДНЯ ДОНОРСТВА ☘️ Сегодня в Астане…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →