TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27310 220
АЛМАТЫДА БАЛАЛАР ЭНДОВИДЕОХИРУРГИЯСЫ БОЙЫНША МАСТЕР-КЛАСС ӨТТІ

🤝 Алматыдағы Педиатрия және балалар хирургиясы ғылыми орталығында балаларға аз инвазивті операциялар жасауға арналған екі күндік мастер-класс өтті.

👫 Іс-шара Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі, профессор Камал Ормантаевтың 90 жылдығына арналған «Баланың денсаулығы мен дамуы: балалар ауруларын ерте анықтау және емдеудің заманауи тәсілдері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция шеңберінде ұйымдастырылды.

Кездесу барысында дәрігерлер балалар ауруларын ерте анықтау мәселелерін талқылады. Сондай-ақ аз инвазивті технологияларды қолдана отырып, ауруларды диагностикалау мен хирургиялық емдеудің заманауи тәсілдеріне ерекше назар аударылды.

⚡️ Көрсетілімдік операциялар жасап, тәжірибе алмасу үшін Мәскеуден жетекші балалар хирургтары шақырылды. Олардың қатарында медицина ғылымдарының докторы, профессор, Ресей медицина үздіксіз кәсіптік білім беру академиясының академик С.Я. Долецкий атындағы балалар хирургиясы кафедрасының меңгерушісі Юрий Соколов және медицина ғылымдарының кандидаты, Морозов атындағы балалар ауруханасының торакальды хирургия бөлімшесінің меңгерушісі Олег Топилин болды.

👥 Екі күннің ішінде ресейлік және қазақстандық мамандар туа біткен кемістіктері, сондай-ақ кеуде және құрсақ қуысы ағзаларының аурулары бар балаларға бірқатар күрделі аз инвазивті операциялар жасады. Сарапшылар хирургиялық араласудың ерекшеліктерін тәжірибе жүзінде көрсетіп, пациенттерді күтіп-бағудың заманауи хаттамаларымен бөлісті.

✅ Мастер-класта еліміздің түкпір-түкпірінен 150-ден астам дәрігер офлайн және онлайн форматта қатысты. Кездесу тәжірибе алмасуға арналған тиімді алаңға айналып, оның басты мақсаты – жоғары технологиялық әрі жарақаты аз хирургиялық көмекті балалардың кең ауқымына қолжетімді ету.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 9, 2026В КАЗАХСТАНЕ ВЫЯВЛЕНЫ ПЕРВЫЕ СЛУЧАИ ГРИППА НА ФОНЕ СНИЖЕНИЯ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ ОРВИ НА 10% 😷…
  2. Oct 9, 2026ОРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 10%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ: ҚАЗАҚСТАНДА ТҰМАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛД…
  3. Oct 9, 2026💜 9 қазан – Еуропалық ағзалар, тіндер мен жасушалар донорлығы күні «Sharing lives» – «Өмі…
  4. Oct 9, 2026ОРГАННОЕ ДОНОРСТВО В КАЗАХСТАНЕ: ЧИСЛО ТРАНСПЛАНТАЦИЙ ВЫРОСЛО ДО 310 В ГОД 🏥 Сегодня, 9 о…
  5. Oct 9, 2026ҚАЗАҚСТАНДА АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУ АРТЫП, ЖЫЛЫНА 310 ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ 🏥 Бүгін, 9 қазанда…
  6. Oct 8, 2026Казахстан и ВОЗ обсудили влияние изменения климата на здоровье населения ⚜️ Казахстан наме…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →