TGViewer
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ @denminpr · 10.1K subscribers
Post #27308 272
ҚАЗАҚСТАН МЕН ӨЗБЕКСТАН ОНКОЛОГИЯ, ЖЕДЕЛ ЖӘНЕ ШЕКАРА МАҢЫНДАҒЫ МЕДИЦИНА САЛАЛАРЫНДА БІРЛЕСКЕН ЖОБАЛАРДЫ ІСКЕ ҚОСАДЫ

🇰🇿🇺🇿 Қазақстан мен Өзбекстан онкология, санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және төтенше жағдайлар кезінде медициналық көмек көрсету бағыттарында пилоттық жобаларды іске қосуға келісті. Сондай-ақ тараптар шекара маңындағы медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, дәрігерлерді даярлау және мамандар алмасу аясындағы ынтымақтастықты кеңейтеді.

🤝 Бұл туралы Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова мен Өзбекстанның Денсаулық сақтау министрі Элдор Адилов Түрікменстанның Аваза қаласында өткен кездесуде келісті.

Тараптар заманауи диагностика және емдеу әдістерін қолдану тәжірибесімен алмасуды, төтенше жағдайлар мен санитариялық-эпидемиологиялық қатерлер туындаған кезде бірлескен іс-қимылды үйлестіруді, сондай-ақ шекара маңындағы өңірлердің медициналық ұйымдарының арасындағы ынтымақтастықты дамытуды көздеп отыр.

«Елдердің арасындағы ынтымақтастықтың адамдар үшін нақты нәтижелер әкелуі біз үшін маңызды. Бұл ең алдымен ауруларды дер кезінде анықтау, сапалы медициналық көмектің қолжетімділігі және білікті мамандар даярлау. Медициналық ұйымдардың өзара іс-қимылын күшейтіп, тәжірибе алмасуды қамтамасыз ету қажет шекара маңындағы өңірлерге ерекше көңіл бөлеміз», – деп атап өтті ҚР Денсаулық сақтау министрі.


⚡️ Ынтымақтастықтың жеке бағыты медициналық кадрларды даярлау болады. Қазақстан Алматы облысындағы медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету жөніндегі ДДҰ-ның демонстрациялық алаңы базасында өзбек мамандарын даярлауды жалғастыруды ұсынды. 2022 жылдан бері аталған алаңда бес елден, оның ішінде Өзбекстаннан 77 маман оқудан өтті.

Сонымен қатар тараптар экологиялық және климаттық қатерлер жағдайында халық денсаулығын сақтауға бағытталған өңірлік бастамаларды бірлесіп іске асыру мәселелерін талқылады.

✅ Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Өзбекстан практикалық ынтымақтастықты жандандыруға, пилоттық жобаларды іске қосуға, медициналық мамандарды даярлау аясын кеңейтуге және шекара маңындағы өңірлер арасындағы байланысты нығайтуға келісті.

🌐 Ресми сайт ⚜️ Instagram
More from @denminpr
  1. Oct 9, 2026В КАЗАХСТАНЕ ВЫЯВЛЕНЫ ПЕРВЫЕ СЛУЧАИ ГРИППА НА ФОНЕ СНИЖЕНИЯ ЗАБОЛЕВАЕМОСТИ ОРВИ НА 10% 😷…
  2. Oct 9, 2026ОРВИ-МЕН СЫРҚАТТАНУШЫЛЫҚ 10%-ҒА ТӨМЕНДЕДІ: ҚАЗАҚСТАНДА ТҰМАУДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЖАҒДАЙЛАРЫ ТІРКЕЛД…
  3. Oct 9, 2026💜 9 қазан – Еуропалық ағзалар, тіндер мен жасушалар донорлығы күні «Sharing lives» – «Өмі…
  4. Oct 9, 2026ОРГАННОЕ ДОНОРСТВО В КАЗАХСТАНЕ: ЧИСЛО ТРАНСПЛАНТАЦИЙ ВЫРОСЛО ДО 310 В ГОД 🏥 Сегодня, 9 о…
  5. Oct 9, 2026ҚАЗАҚСТАНДА АҒЗАНЫ ТРАНСПЛАНТАТТАУ АРТЫП, ЖЫЛЫНА 310 ОПЕРАЦИЯ ЖАСАЛАДЫ 🏥 Бүгін, 9 қазанда…
  6. Oct 8, 2026Казахстан и ВОЗ обсудили влияние изменения климата на здоровье населения ⚜️ Казахстан наме…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →