TGViewer
Линия Данилова Линия Данилова @danilov_line · 1.06K subscribers
Post #2151 82

Forwarded from QURYLTAI

Құрылтай мемлекеттік наградалар туралы заң жобасын қарайды

Құрылтай Спикері Айбек Дәдебайдың төрағалығымен өткен Бюро отырысында алдағы отырыстың күн тәртібі айқындалды.

Депутаттар мемлекеттік наградалар туралы заңға өзгерістер енгізу, Қазақстан мен Ресей арасындағы мұнай жеткізу саласындағы келісімді және Қазақстан мен Сербия арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісімді ратификациялау мәселелерін қарайды.

Сондай-ақ Құрылтай отырысының күн тәртібіне I шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Құрылтайының жанындағы мәслихаттармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес құру мәселесі енгізіледі. Кеңес өңірлердің ұсыныстарын жинақтауға, заңдардың қолданылуын бақылауға және заңнаманы жетілдіруге бағытталған.

Бұдан бөлек, депутаттық сауалдармен жұмысты ұйымдастыру қағидалары бекітілді. Құжат депутаттық сауалдарды сүйемелдеудің бірыңғай тәртібін енгізіп, цифрлық құралдар мен жасанды интеллект арқылы құжат дайындау және жауаптардың толықтығын тексеру үдерістерін автоматтандыруды көздейді.

Толығырақ quryltai.kz сайтында.
____

На заседании Бюро под председательством Спикера Курултая Айбека Дәдебай была определена повестка предстоящего заседания Курултая.

Депутаты рассмотрят законопроекты о внесении изменений в закон о государственных наградах, ратификации соглашения между Казахстаном и Россией в сфере поставок нефти, а также соглашения о военно-техническом сотрудничестве между Казахстаном и Сербией.

Также в повестку заседания Курултая вносится вопрос о создании Совета по взаимодействию с маслихатами при Курултае Республики Казахстан I созыва. Работа Совета будет направлена на сбор и обобщение предложений регионов, контроль за применением законов и совершенствование законодательства.

Кроме того, утверждены правила организации работы с депутатскими запросами. Документ вводит единый порядок сопровождения депутатских запросов и предусматривает автоматизацию процессов подготовки документов и проверки полноты ответов с использованием цифровых инструментов и искусственного интеллекта.

Подробнее на сайте quryltai.kz.

t.me/quryltairesmi
More from @danilov_line
  1. Oct 3, 2026video post
  2. Oct 3, 2026✍️Мемлекет басшысының өкімдерімен: Қаныш Асанханұлы Әбубәкіров Қазақстан Республикасы Қорғ…
  3. Oct 2, 2026Мое интервью порталу Елмедиа. https://youtu.be/GJo1iP2vLeU?si=sp2Gs8syeF96mtGk
  4. Oct 2, 2026Құрылтайда мемлекеттік мүлік мәселелері жөніндегі заң жобасы таныстырылды Құрылтайдағы қар…
  5. Oct 1, 2026📌 Сентябрь прошел под знаком запуска новых политических институтов, решений в сфере эконо…
  6. Oct 1, 2026Что соглашение с Катаром даёт казахстанцам? Катар сегодня одна из наиболее обеспеченных ст…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →