TGViewer
Конституциялық Сот 🇰🇿 Конституциялық Сот 🇰🇿 @consot_kz · 5.88K subscribers
Post #3298 409
Конституциялық Сот азаматтың өтінішін конституциялық тексеруге қабылдаудың жол берілетін шарттарын түсіндірді

Конституциялық Сот Қазақстан Республикасының «Оңалту және банкроттық туралы» Заңының банкроттық рәсімін жүргізу және банкротты таратуды аяқтау мерзімдерін реттейтін жекелеген нормаларының Конституцияға сәйкестігін тексеру туралы өтінішті қарады.

Өтініш субъектісінің пікірінше, дау айтылып отырған нормалар заңда белгіленген бес жылдық мерзім өткеннен кейін де банкроттық рәсімін жалғастыруға мүмкіндік береді, сол арқылы оның конституциялық құқықтарын бұзады.

Конституциялық Сот Заңның 84-бабы 1-тармағын соттар өтініш субъектісінің ісінде қолданбағанын анықтады. Бұл ретте азаматтың өтінішін конституциялық тексеруге қабылдаудың қажетті шарты – дау айтылып отырған норманың өтініш субъектісінің құқықтары мен бостандықтарын тікелей қозғайтын нақты іс бойынша соттың қолдануы болып табылады. Ал Заңның 112-бабының 1-тармағына қатысты өтініш субъектісі оның Конституцияға сәйкес келмейтіні жөнінде жеткілікті құқықтық негіздеме келтірмеген.

Осыған байланысты заңда белгіленген өтінішті қабылдаудың жол берілетін шарттары болмағандықтан, өтініш конституциялық іс жүргізуге қабылданбады.

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
More from @consot_kz
  1. Sep 30, 2026Конституциялық Сотта кәсіби практикадан өткен «Amicus Curiae Challenge» республикалық байқ…
  2. Sep 29, 2026Конституционный Суд разъяснил условия допустимости обращения гражданина для конституционно…
  3. Sep 28, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Ба…
  4. Sep 28, 2026📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ 📆 21.09.2026 – 27.09.2026 ✅…
  5. Sep 28, 2026📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ 📆 21.09.2026 – 27.09.2026 ✅…
  6. Sep 24, 2026Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының атынан Маңғыстау облысында әскери…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →