TGViewer
Конституциялық Сот 🇰🇿 Конституциялық Сот 🇰🇿 @consot_kz · 5.81K subscribers
Post #3275 455
Конституциялық Сот судьялары ант берді

Ағымдағы жылғы 24 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Конституциялық Сотында тиісті лауазымдарға тағайындалған судьялардың ант беру рәсімі өтті:

Эльвира Азимова – Конституциялық Соттың Төрағасы; Сәкен Абдолла, Лейла Жақаева, Қайрат Жақыпбаев, Айжан Жатқанбаева, Айгүл Қыдырбаева, Қанат Мусин, Бақыт Нұрмұханов, Сергей Скрябин, Аслан Төкиев, Сергей Ударцев – Конституциялық Соттың судьялары.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 72-бабына сәйкес Конституциялық Сот Төрағадан және он судьядан тұрады.

Конституциялық Сот – конституциялық бақылауды жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Конституциясының бүкіл ел аумағында үстемдігін қамтамасыз ететін тәуелсіз мемлекеттік орган.

«Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 7-бабына сәйкес Конституциялық Соттың судьялары тағайындалғаннан кейін ант береді.

Конституциялық Сот судьясының анты Конституциялық Сот судьясының міндеттерін адал әрі ар-ожданмен атқаруды, бейтарап болуды және өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясына ғана бағына отырып, оның үстемдігін қамтамасыз етуді міндеттейді. ‎

📱 @consot_kz

Instagram | Facebook | X
More from @consot_kz
  1. Sep 28, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Ба…
  2. Sep 28, 2026📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ 📆 21.09.2026 – 27.09.2026 ✅…
  3. Sep 28, 2026📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ 📆 21.09.2026 – 27.09.2026 ✅…
  4. Sep 24, 2026Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының атынан Маңғыстау облысында әскери…
  5. Sep 24, 2026Channel photo removed
  6. Sep 24, 2026Конституциялық Сот судьяларының жаңа құрамы ант қабылдады 🔗 https://youtu.be/hqUSZDL1UzU?…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →