TGViewer
Конституциялық Сот 🇰🇿 Конституциялық Сот 🇰🇿 @consot_kz · 5.8K subscribers
Post #3259 430
🇰🇿🇰🇷Қазақстан мен Кореяның Конституциялық соттары ынтымақтастықты нығайтуда

Конституциялық іс жүргізуге тікелей қатысатын қызметкерлерді кәсіби даярлау конституциялық сот төрелігін жүзеге асырудың заманауи тәсілдерін дамытудың маңызды бөлігі болып табылады. Шетелдік конституциялық әділет органдарымен тәжірибе алмасу кәсіби құзыреттерді арттырумен қатар, сот қызметін ұйымдастырудың заманауи құралдарымен танысуға мүмкіндік береді.

2026 жылғы 14–19 қыркүйек аралығында Сеул қаласында Корея Республикасының Конституциялық зерттеулер институты (Constitutional Research Institute, CRI) ұйымдастырған CRI Program for the Officers of Foreign Constitutional Adjudication Institutions бағдарламасы аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты өкілдерінің оқу сапары өтті.

Бағдарлама 2025 жылдың соңында қол қойылған Өзара түсіністік және ынтымақтастық туралы меморандум негізінде жүзеге асырылып келе жатқан Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Корея Республикасының Конституциялық зерттеулер институты арасындағы ынтымақтастықтың тәжірибелік жалғасы болды.

Қазақстан конституциялық әділет органдары арасында кәсіби тәжірибе алмасуға бағытталған аталған оқу бағдарламасына өкілдері қатысқан 10-шы ел болды.

Бағдарлама барысында конституциялық бақылау, конституциялық демократия, заңдардың конституциялылығы мәселелерін қарау, конституциялық шағым, сондай-ақ конституциялық әділет органдарының қызметін ұйымдастыру мәселелері бойынша тақырыптық сабақтар мен кездесулер өткізілді.

Жеке сессия Қазақстан Республикасының конституциялық-құқықтық жүйесіне арналды. Оның барысында Қазақстан Конституциялық Сотының өкілдері елдегі конституциялық бақылауды дамытудың негізгі бағыттарын таныстырып, Сот қызметінің практикалық тәжірибесімен бөлісті.

Корея Республикасының Конституциялық Сотына бару бағдарламаның маңызды бөлігі болды. Онда Сот қызметін ұйымдастыру және конституциялық сот төрелігін жүзеге асыру мәселелері бойынша тәжірибе алмасты. Сондай-ақ қатысушылар Сот қызметін цифрландыру саласындағы Корея тәжірибесімен, оның ішінде e-Court жүйесімен және кітапханалық қамтамасыз етуді ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен танысты.

Екі институт арасындағы өзара іс-қимыл Азия конституциялық соттары және баламалы институттар қауымдастығы (ААСС) аясында да дамып келеді. Қауымдастық Азия елдерінің конституциялық әділет органдары арасында кәсіби диалог пен тәжірибе алмасуға арналған алаң болып табылады.

Сеулге жасалған оқу сапары Өзара түсіністік туралы меморандумда көзделген Қазақстан Республикасының Конституциялық Соты мен Кореяның конституциялық әділет институттары арасындағы ынтымақтастық пен кәсіби тәжірибе алмасудың жалғасы болды.
More from @consot_kz
  1. Sep 28, 2026✍️ Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының судьясы Ба…
  2. Sep 28, 2026📌 ДАЙДЖЕСТ НОВОСТЕЙ КОНСТИТУЦИОННОГО СУДА ЗА МИНУВШУЮ НЕДЕЛЮ 📆 21.09.2026 – 27.09.2026 ✅…
  3. Sep 28, 2026📌 ӨТКЕН АПТАДАҒЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СОТТЫҢ ЖАҢАЛЫҚТАР ДАЙДЖЕСТІ 📆 21.09.2026 – 27.09.2026 ✅…
  4. Sep 24, 2026Қазақстан Республикасы Конституциялық Соты судьяларының атынан Маңғыстау облысында әскери…
  5. Sep 24, 2026Channel photo removed
  6. Sep 24, 2026Конституциялық Сот судьяларының жаңа құрамы ант қабылдады 🔗 https://youtu.be/hqUSZDL1UzU?…
Threads Profile ViewerView any public Threads profile without an account.Open ThreadLook →Writing with AI? Make it sound human.Metric37 rewrites AI drafts so they read naturally. Free AI detector, 1,500 words free.Try Metric37 →